- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 16 Сәуір, 2024
Қызғалдақ жұлған 22 жасар қызға 11 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін
Ол Қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, бейнежазба түсіріп, өз парақшасына жариялаған, – деп хабарлайды Түркістан облысының полиция департаменті
Полиция қызметкерлері "грейг" қызғалдақтарын жұлған ордабасылық тұрғынды әлеуметтік желілер арқылы анықтады. Ол Ұялыжар ауылдық округіндегі алқапта қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, бейнежазба түсіріп, желідегі парақшасына жариялаған.
Аталған жағдай сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдік түрлерімен заңсыз айналысу фактісі бойынша полиция бөлімінде тіркелді.
Фото: дереккөзден алынды
83 рет
көрсетілді0
пікір