- Аймақ тынысы
- 16 Сәуір, 2024
Солтүстік пен Батыс Қазақстанда жағдай күрделі
Солтүстік Қазақстан облысында қызыл судан келетін қауіп әлі сейілмеді. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев хабарлады.
Сергеев су қоймасындағы су 9 см-ге төмендеген. Алайда Ақмола облысынан су тасқынының екінші толқыны келе жатқанын ескертті.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ерхан Таткен аймаққа көлемді су 20 сәуір келеді деген болжам барын айтты.
Ал Атырау облысының Жылыой ауданындағы жағдай әзірге тұрақты. Аймақта су басу қаупі бар Индер, Махамбет аудандарында жаға бекітіліп жатыр.
Фото: Qazaqstan арнасы
193 рет
көрсетілді0
пікір