Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 17 Сәуір, 2024

ШҚО-да баланы онлайн қорғау үшін "URPAQ VKO" жобасы басталды

Баланы тәрбиелеу және оның негізгі құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері прокуратура органдарының ерекше бақылауында.

Бүгінгі таңда мемлекет балалардың құқықтарын қорғау және балаларға қатысты заңсыз әрекеттер, соның ішінде, зорлық-зомбылық және буллинг  үшін жауапкершілікті күшейту бойынша маңызды шараларды қабылдауда, Мұндай фактілердің алдын алу үшін прокуратура жаңа әдістерді қолданады.

Осыған байланысты облыс прокуратурасы URPAQ («Ұрпақ») жобасына бастамашы болды.

Жобаның бірегейлігі «Telegram» мессенджерінде «vko_urpaq_bot» аттас бот жасалған және балалардың құқықтарының бұзылуы туралы ақпаратты жинауға арналған автоматтандырылған жүйе болып табылады, оларға жедел ден қою және өтініш берушілерге шұғыл көмек көрсету.

Боттың функционалдығы әртүрлі форматтағы (фото, аудио, бейне, Word) келіп түскен хабарламаларды өңдеуге мүмкіндік береді.

Кез келген адам мен бала шұғыл көмек сұрай алады немесе балаларға қауіп төндіретін ақпаратты (ашық люктер, жолдағы жағдай, қаңғыбас иттер және т.б.) жібере алады.  

Бүгінгі таңда прокуратура ботты танымал ету, оқушылар, олардың ата-аналары мен оқу орындарының қызметкерлері арасында пайдалану ережелерін үйрету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Телеграм-бот қылмыстың және жағымсыз салдардың алдын алу алаңы болады деп сенеміз.     

Ол үшін зорлық-зомбылықтың немесе балалардың құқықтарының кез келген бұзылуына куә болған барлық азаматтарды бұл туралы VKO_URPAQ_BOT чат-ботына хабарлауға шақырамыз (анонимді түрде хабарласу мүмкіндігі бар, сілтеме @vko_urpaq_bot).

251 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз