Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Сәуір, 2024

Жандос Бүркітбаев су басқан бірқатар елді мекендерге барды

Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев су басқан бірқатар елді мекендерге барды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жалпы, Қостанай облысында жарияланған ТЖ режимі шеңберінде су тасқыны кезеңінде зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында жедел медициналық көмек қызметтерінің, стационарлардың қабылдау бөлмелерінің және МСАК (медициналық -санитариялық алғашқы көмек) қызметтерінің жұмысы күшейтілді.

Облыста Қарасу, Қостанай, Бейімбет Майлин аудандық ауруханалары, сондай-ақ Рудный, Арқалық және Қостанай қалаларындағы медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеуде.

Су басқан, сондай-ақ су басуға бейім өңірлердегі жүкті әйелдердің саны 2 898 әйелді құрайды. Жүкті әйелдерді туыстарына эвакуациялау кезінде медицина қызметкерлері МСАК-қа уақытша тұрғылықты жері туралы актив береді, кейіннен осы емхананың қызметкерлері әйелдерді уақытша есепке алуға және одан әрі бақылауға алады.

Қостанай қаласында білім беру нысандарда 72 эвакуациялық пункт ұйымдастырылған.

Эвакуациялық пункттердегі тұрғындарды медицина қызметкерлері күнделікті негізде тексереді.
Медициналық және дәрілік көмекпен қамтамасыз ету мәселелері жедел шешілуде.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ақтөбе облысының су басқан аудандарындағы ауылдық денсаулық сақтау нысандарын аралап, халыққа медициналық көмек көрсету жағдайымен танысты.

Фото: gov.kz

528 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз