Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 30 Сәуір, 2024

Бейбітшілік – ел тірегі

Тараз қаласындағы  Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Бейбітшілік – ел тірегі» атты этно кеш өтті. Айтулы шара 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналды.

Ынтамақты ту еткен мерекелік кештің мақсаты – өскелең ұрпаққа тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.  

Этно-кеште қалалық білім бөліміне қарасты орта мектептерінен қазақ, өзбек, орыс, француз, грузин ұлт өкілдері өз мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптеді. Қонақтар олардың  өнері мен əн-билерін тамашалады. «Шабыт» би ансамблі, «Веснушки» ансамблі өнер көрсетіп, ән шырқалды. Сондай-ақ, шара барысында қалалық білім бөліміне қарасты қалалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділері, кітапхананың жас оқырмандары түрлі этнос өкілдерінің салт-дәстүрімен танысты.

Кеш соңында «Достық – шырағымыз» атты кітап көрмесі ұсынылды.

312 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз