Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 19 Сәуір, 2024

Су тасқыны: Жедел желі телефонына 1971 қоңырау түсті

Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10.00-дегі ақпарат:

Азаматтық қорғау қызметтері 118180 адамды, оның ішінде 44254 баланы құтқарды. 113852 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіздік жерге айдалды. 19715 адам үйлеріне оралды.

Эвакуациялау пункттерінде 8821 адам, оның ішінде 3885 бала бар.

10,5 млн. м3 астам еріген қар суы сорылды, 3,4 млн. астам қапшық пен 1,4 млн. тонна инертті материал төселді. 4 370 тұрғын үй мен 2 737 аула аумағынан су бұрылды.

Жедел желі телефонына 1971 қоңырау түсті.

418 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз