Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 20 Сәуір, 2024

Алматыда белсенділер ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық көрсетті

Жастар «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында «Jas niet» акциясын өткізді, – деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігі.

Акция барысында 20-ға жуық ерікті 2 күнде 16 үйді тазалауға және көркейтуге қол ұшын созып, аға буынның алғысына бөленді.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында «Жақыныңа жәрдем бер» акциясын өткізу туралы бастама жарияланды.

Бұл бастама ҰОС ардагерлері, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұратын жеке тұрғын үйдің қоршауы мен үй маңындағы аумақтың эстетикалық күтімін жақсартуға бағытталған.

Бұл учаскелерде қоршауды, қақпаны сырлау, іргелес аумақты қоқыстан тазарту және т.б.с.с. жұмыстар жүргізу қажет.

Аудандық көріктендіру бөліміне хабарласу арқылы акцияға атсалысыңыз.

Сол жерден көмекке мұқтаж жандардың тізімін нақтылауға болады. Байланыс нөмірлері карусельде!

Сүйікті қаламызды таза ұстайық, одан әрі әсемдейік!

Фото: дереккөзден алынды

199 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз