Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Сәуір, 2024

Құлсарыдағы үйлерді судан тазарту жұмыстарын осы аптаның аяғына дейін бітірмек

Атырау облысының Серік Шәпкенов Құлсары қаласында тасқыннан келген шығынды есептеуге 6 мекеме тартылғанын айтты, – деп хабарлайды mangystaumedia.kz

«Құлсары қаласында 2920 үй Жем өзенінің тасуына байланысты су астында қалған болатын. Қазір осы суды сорғытып, қауіпсіз аймаққа бұру жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінгі таңда 518 үй мен 35 әлеуметтік нысанды судан тазартып алдық. Бұл жұмыстар 24 сағат бойы жүргізіліп жатыр. Осы аптаның аяғында аталған жұмыстарды толығымен аяқтауды жоспарлап отырмыз. Судан босаған жерлерді, үйлерді дезинфекциялау жұмыстарын бастап кеттік. Әскери адамдарды да осы жұмысқа тартып жатырмыз. Тиісті техникалық тексеру және бағалау жүргізетін мекемелерді тартып, тұрғындарға келген шығынды анықтайтын комиссия жұмысына кірісіп кетті. Осындай 6 мекеме шығындарды есептеп жатыр және екі мекеме тұрғын үйлердің жағдайын тексеріп жатыр. 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (369 200 теңге -ред.) көмек алуға 3398 өтініш түскен болатын. Соның 3274-іне 1,2 млрд теңгенің көмегі көрсетілді», - деді әкім.

Ал Үкімет басшысы әлеуметтік желіде Құлсары қаласындағы ахуал туралы теріс ақпарат көп екенін айтты.

«Осы бағытта халықпен жұмыс істеу керек. Ал арандатушыларды заң бойынша жауапкершілікке тартыңыздар», - деді Премьер-министр.

Фото: дереккөзден алынды

234 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз