Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Сәуір, 2024

Атырау облысында Жайықтың су деңгейі 8 см-ге көтерілді

Атырау облысындағы Жайықтың су деңгейі 8 см-ге көтерілді. Оған Батыс Қазақстан облысының аумағынан жылыстап келген су әсер еткен. Бұл туралы Qazaqstan арнасы хабарлады.

Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы өкілі мәлімдеді. Мамандар су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін деп отыр. Бөгеттерді нығайту жұмыстары әлі жүріп жатқанын айтты. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 500 шақырымнан астам бөгет салынды. 

Ал Құлсары қаласын тасқын судан тазарту жұмыстары жүріп жатыр. 207 мың текше метрден астам су тартылған. Ақтөбе облысында жалпы ауданы 403 гектар су басқан аумақта дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Төтенше Жағдайлар министрлігінің дерегінше, бүгінге дейін 38 мыңнан астам адам өз үйіне оралды.

Фото: дереккөзден алынды

91 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз