Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Сәуір, 2024

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні теміржолда атап өтілді

Теміржолшылар Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін өткізуге белсене қатысты. Бұл туралы ҚТЖ хабарлады.

Биыл климат өзгерісінің еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына әсері талқылаудың басты тақырыбы болды.

ҚТЖ-ның барлық бөлімшелерінде, филиалдарында мемлекеттік еңбек инспекциясы өкілдерінің, кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің қатысуымен жұмыс орнындағы қауіпсіздікке байланысты мәселелерді талқылау бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізілді.

Қалыптасқан дәстүр бойынша конкурстар өткізіліп, еңбекті қорғау тақырыбында ақпараттық плакаттар және басқа да көрнекі үгіт құралдары дайындалды. Ынталандыру мақсатында еңбекті қорғау бойынша ерекше көзге түскен мамандар марапаттарға ие болды.

Өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алудың қосымша серпіні үшін барлық еңбек ұжымдарында бірінші басшылардың қатысуымен Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған жиналыстар мен кездесулер өткізілді. Жұмыс орнындағы қауіпсіздік туралы ақпараттық брошюралар мен жадынамалар таратылды. Локомотив деполарында психологтар мен стрессті басқару және психологиялық әл-ауқат бойынша сарапшылар жұмыс орнында кеңес берді. Құрылымдық бөлімшелерде балалар суреттерінің конкурстары және оқушыларға өндірістік объектілерге экскурсиялар ұйымдастырылды. Іс-шаралардың мақсаты-өскелең ұрпақтың бойында қауіпсіздік мәдениетін, еңбекті қорғау мәселелеріне мұқият қарауды қалыптастыру.

"Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, әрбір қызметкердің өмірі мен денсаулығын сақтау компания қызметінде басымдық болып табылады. Біздің басты мақсатымыз – нөлдік жарақат алу жағдайларына қол жеткізу. Бұл мақсатқа жетудің құралы – тиімді алдын-алу. Біздің әрқайсымыздан қауіпсіздік ережелері мен талаптарын, кез-келген бұзушылық көрінісіне төзбеушілікті қатаң сақтау талап етіледі. Қызметкерлердің қауіпсіздік жағдайын жақсартуға бағытталған барлық бастамалары қолдауға ие болады", – деп атап өтті "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның Бас инженері - Техникалық саясат департаментінің директоры Рамазан Садырқұлов.

Компанияда "Қауіпсіздіктің мінез-құлық диалогтары", "Қауіпті тоқтатыңыз!", "Салдарсыз оқиғалар" бағдарламалары іске асырылуда. Нөлдік жарақатқа қол жеткізу үшін әрбір қызметкер өзіне ешқандай салдарсыз қауіпті жұмыстарды орындаудан бас тарта алатынын есте ұстауы керек.

Фото: дереккөзден алынды

101 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз