- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 29 Сәуір, 2024
Жас кәсіпкерлерге арналған көмек
Жас кәсіпкерлер үшін тамаша мүмкіндік. Егер сіздің жасыңыз 21-35 жас аралығында болса, қайтарымды қаржылай көмек алуға болады.
1 мамырдан бастап ASSYLTAS BUSINESS HELP жобасына өтінімдер қабылданады. Жас кәсіпкерлер 5 000 000 теңгегедейін қаржылай көмек ала алады. Кәсібін дамытуға ниет еткен жастар бірнеше бағыт бойынша бақтарын сынай алады.
Қандай жобаларға басымдық беріледі?
— салауатты өмір салтын қалыптастыру;
— өндіріс;
— қазақ тілін дамыту жобалары;
— мобильді қосымшалар;
— ұлттық өнер.
Өтінімдер 1 мамыр мен 1 маусым аралығында қабылданады. Жеңімпаз 10 маусым күні анықталады. Айта кетейік, былтыр осы жоба аясында 14 адам бизнесін дамытуға қаржылай көмек алған болатын.
Жоба туралы толық ақпарат: https://assyltas.kz/business-help/
87 рет
көрсетілді0
пікір