Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 30 Сәуір, 2024

2 мамырда Мәжілістің жалпы отырысы өтеді

2 мамыр сағат 11:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді
Депутаттар бірінші оқылымда есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарайды. Сондай-ақ Парламент депутаттары әзірлеген мемлекеттік статистика және деректерді басқару мәселелері туралы заң жобасы да бірінші оқылымда талқыланады.
Бұдан бөлек, жалпы отырыста Мәжіліс комитеттері бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алады. Олар:  Қытай Халық Республикасымен халықаралық автомобиль тасымалдары бойынша келісімді ратификациялау туралы және ішкі істер органдарының қызметі саласындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы туралы заң жобалары.
Тікелей эфирді parlam.kz ресми сайтынан, Мәжілістің YouTube арнасы мен Facebook парақшасынан, сондай-ақ 24KZ және Jibek Joly телеарналарынан көруге болады.

285 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз