Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Мамыр, 2024

Су тасқыны: 41 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды

41 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды.

Азаматтық қорғау күштері, әскери қызметшілер, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер, белсенділер су тасқынына қарсы және қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда. ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында атап өткендей, Атырау облысы бақылауда.

Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғасуда. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 37 мың қапшық, 685 тонна инертті материал төселді. Құлсары қаласында су басқан аумақтан жылжымалы сорғы станциясы мен мотопомпа көмегімен 216 мыңнан астам текше метр су сорылды, - деді спикер.

Осы сағатта республика бойынша 41 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды. 6 405 адам эвакуациялау пункттерінде. Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 7 184 тұрғын үй мен 2 844 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.

Бұған дейін Алматы қаласынан, Жетісу және Алматы облысынан Батыс Қазақстан облысына көмекке барған төтенше жағдайлар министрлігі күштері мен құралдарының бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына қайтарылуда, - деді спикер.

106 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз