Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Мамыр, 2024

Каспий теңізіне шамамен 1 млрд текше метр тасқын су жіберілді

Каспий теңізіне шамамен 1 млрд текше метр тасқын су жіберілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева хабарлады.

Ол үшін Атырау облысының Қазсушар филиалы 4 арнаны: Бақсай, Нарын, Черная речка және Соколок пайдаланады.

«Жалпы, бұл арналар тәулігіне 12 млн текше метрге дейін су өткізе алады. Олардың әрқайсысында «Қазсушар» мамандары тазарту, нығайту және басқа да жұмыстар жүргізді. Мысалы, Соколок каналының бойында ұзындығы 14,5 шақырым қосымша арна қазылды, ол арқылы тасқын суы Каспийге жіберіледі», - деді спикер.

Сондай-ақ Балқаш көліне де су жіберу жұмысы жалғастырылып жатыр. Көлге Қапшағай су қоймасынан шамамен 2,5 млрд текше метр жіберілді. Сондай-ақ, ведомство Ресейден келген 30 млн текше метр суды Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне де жіберіп жатыр. Соңғы жылдары кеуіп қалған Батыс Қазақстан облысының Еділсор, Жалтыркөл, Бірқазан, Соркөл  және басқа да су айдындарына су жіберу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, Қызылорда облысының Телікөл көлдер жүйесінің қарқынды су жинағаны байқалады. Сонымен қатар, Ұлытау облысынан Қызылорда облысының Телікөл көлдер жүйесіне су жіберілді.

Фото: дереккөзден алынды

151 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз