- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 04 Мамыр, 2024
Су тасқынынан қанша мектеп зардап шекті
Оқу-ағарту министрлігі елімізде су тасқыны салдарынан қанша мектеп пен балабақшаның зардап шеккенін жария етті.
Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, республика бойынша су тасқыны салдарынан 26 орта және орта-техникалық білім беру ұйымы зардап шекті.
Бүгінде оның 11-і штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Зардап шеккен 26 ұйымның қатарында 1 балабақша, 1 колледж жатақханасы бар.
Ал қалғандары – мектеп Фото: Оксана Матасова/Kazinform
95 рет
көрсетілді0
пікір