Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Мамыр, 2024

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілді

Жайық өзенінің су деңгейі қауіпті деңгейден жарты метрге төмендеді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш айтты.

«Қазіргі таңда облыста қауіптің беті сейілді. Жайық өзенінің су деңгейі төмендеп келеді. Қауіпті деңгейден жарты метрге дейін төмендеді. Бүгінде 7 метр 99 см болып тұр. Осыған байланысты қазіргі уақытта облысқа жұмылдырылған қосымша күш-құралдар өз аймақтарына және Атырау облысына бағыт алды», — деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның дерегінше, облыста 2 елді мекен жол қатынасынсыз қалып тұр.

11 жолды су шаю дерегі тіркелген. Ол бақылауда.

«Эвакуацияланған адам саны өзгеріссіз — 14 078 адам, оның 5 813-і — балалар. Жалпы, эвакуация пунктерінде 2 345 адам бар, 1 017-сі — бала. 3 752 адам үйіне қайтарылды, 7 981 адам туыстарының үйін паналаған. 5 сәуірден бастап гуманитарлық көмек қабылдайтын штабқа 1 млн 495 мың тоннаны құрайтын көмек келіп жетті», — деді Нұржан Төлеуіш.

94 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз