Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Мамыр, 2024

Алматыдағы Әзербайжан-Армения келіссөзінің қашан өтетіні белгілі болды

 ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздердің қай күні өтетінін мәлімдеді.

«Бұған дейін қол жеткен уағдаластыққа сәйкес, Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер ведомстволарының басшылары арасындағы келіссөз Алматы қаласында 10 мамырда өтеді», - деді А. Смадияров министрліктегі апталық брифингте. 

Бұған дейін Қазақстан Әзербайжан мен Арменияға келіссөз алаңын ұсынғаны хабарланған еді. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуға да, Ереванға да жақында жасаған сапарында осы елдер арасында берік, ұзақмерзімді бейбітшілікті тез арада орнатудың маңызын атап өткен. 

Сондай-ақ, Қазақстанның келіссөз өткізу үшін алаң ұсыну арқылы жәрдем көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

«Алдағы келіссөз тек қана екі тарап арасында жүргізіледі. Астананың делдалдығы туралы сөз жоқ екенін атап өткім келеді. Біз тек қана «Good office» деп аталатын ізгі ниет қызметін көрсетеміз», - деді министрлік өкілі.  

103 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз