- Айна
- 07 Мамыр, 2024
Жас домбырашылар пойыз жолаушыларын өз өнерлерімен таңғалдырды
Жас домбырашылар пойыз жолаушыларын өз өнерлерімен таңғалдырды, - деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.
Дарынды жас домбырашылар Атырау-Астана бағытындағы №47 пойызда жанды дауыспен өлең орындап, нағыз концерт ұйымдастырды.
Ақын Қадыр Мырза Әлі сөзіне жазылған «Нағыз қазақ осы міне таңып қой» әнін шырқаған балалар жолаушылардың патриоттық сезімін оятып, ерекше атмосфера сыйлады. Рухты өлеңді естіген пойыз жолаушылары балаларды қолдап, сәттілік тіледі.
Белгілі болғандай, мереке күндері балалар Астана қаласына музыкалық жарысқа қатысуға жолға шыққан.
Айта кетейік, Ұлттық тасымалдаушының пойыздарында әртістер жиі жол жүріп, музыкалық жарыстарға дайындық жұмыстарын жүргізу барысында, жолаушыларды өздерінің ерекше өнерлерімен тәнті етеді.
273 рет
көрсетілді0
пікір