Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 07 Мамыр, 2024

Әскери гарнизондағы мерекелік шара

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Приозерск гарнизонында 7 мамыр – Отан қорғаушы күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын өтті. Саланатты шарада Приозерск гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің жеке құрамы қатысты.

Мерекелік жиынды Приозерск гарнизоны бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Нұрбақыт Нұғалиев ашса, Приозерск гарнизонының бастығы, 44841 әскери бөлімінің командирі, полковник Дидар Савельев «Тәуелсіз Қазақстанның айбынды армиясы!» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде: «1992 жылы 7 мамыр күні Тәуелсіз еліміздің төл армиясы құрылды. Бұл күн кейіннен еліміздің күнтізбесіне «Отан қорғаушылар күні» - деп, мәңгілікке жазылды. Қарулы Күштеріміз озық үлгіде құрылып, аяғын нық басты. Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі болып, Кеңес Одағының Батыры, №1 Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов тағайындалды.  Айбынды армиямыздың әскери қызметшілері Қазақстанның кең-байтақ жерін жанқиярлықпен қорғап қалған батыр аталарымыздың Ұлы Отан соғысындағы ерлігінен үлгі алып алып келеді. Қазіргі таңда төл әскеріміз егеменді еліміздің берік қалқаны ретінде жауынгерлік шеберлік пен асқақ рухтың озық үлгісін көрсетіп келеді» - деп, жүрекжарды лебізін жеткізді.

Келесі кезекте мерекелік жиынның қонағы, Қарағанды облысы, Приозерск қаласының әкімі Мансұр Ахметов сөз сөйлеп, қала тұрғындары мен әскери бөлім арасындағы қаланың дамуына үлес қосқан бірқатар әскери қызметшілерді Құрмет грамотасы және Алғыс хатпен марапаттады. Қала әкімінің марапатына ие болғандардың қатарында 44841 әскери бөлімінің жеке құрамы: пополковник Нұрбақыт Нұрғалиев, 3-сыныпты сержант Алтынбек Жантасов, сержант Александр Гурьянов, кіші сержант Айнұр Бостан болды.

Сондай-ақ, әскери қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып жүрген бірқатар офицерлік құрам мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге Алғыс жарияланып, Мақтау қағаздарымен марапатталды және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне – 32 жыл!» мерейтойлық төсбелгісі табыс етілді. Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Думан Жұмашұлы,

Приозерск гарнизонның баспасөз хатшысы

406 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз