Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Мамыр, 2024

Елімізде су тасқынымен күрес қалай жүріп жатыр

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны жағдайы туралы ақпарат жариялады.

Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында мотопомпалармен және жылжымалы сорғы станцияларымен 174 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды. Барлығы 137 627 мың текше метр су сорылды. Есіл өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатыр. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері тұрғындарға көгалдандыруға, көшелер мен аула аумақтарын тазартуға көмек көрсетіп жатыр.

Атырау облысының Құлсары қаласында су басқан аумақтардан су сору және дезинфекциялық жұмыстар тәулік бойы жалғасып жатыр. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізіліп келеді. Жағдай бақылауда тұр. Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында бөгет салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте ұзындығы 300 метрге жуық бөген салынды, – деді ТЖМ.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен тәулікте 3 050 қапшық пен 233 тонна инертті материал төселді. Өңірдегі жағдай тұрақталып келеді.

Республика бойынша 17 млн еріген қар суы сорылып, 10 013 тұрғын үй мен 3 215 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 51 111 адам өз үйлеріне оралды. 5 355 адам уақытша орналасу пунктерінде қалып отыр.

Апаттық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 10 827 адам, 1 247 техника, 332 су сору құралы, 57 жүзу құралы мен 5 әуе кемесі жұмылдырылды, – дейді ведомство.

Екі күн ішінде ТЖМ радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелері Петропавлда су басқан 326 үйді, Құлсарыда ауданы 76 500 шаршы метр су басқан аумақты дезинфекциялады. Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Подстепное кенті мен Аңқаты ауылында жалпы ауданы 71 гектар су басқан аумақты дезинфекциялады.

149 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз