Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Мамыр, 2024

Александр Бублик жұптық сында Рим мастерс турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық Александр Бублик жұптық сында Рим мастерс турнирін жеңіспен бастады.

Қазақстандық теннисші америкалық Бен Шелтонмен бірге бастапқы кездесуін канадалық Феликс Оже-Альяссим – тағы бір АҚШ өкілі Фрэнсис Тиафомен өткізді.

Бірінші партияда қазақстандық-америкалық жұп дес бермеді – 6:1. Екіншісінде канадалық-америкалық дуэт тай-брейкте есе қайырды – 7:6 (8:6).

Есесіне супер тай-брейкте Бублик – Шелтон жеңісті жұлып алды – 10:7. Сағат жарымға созылған бәсеке барысында олар 2 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жібермеді.

Александр Бублик – Бен Шелтонның 1/8 финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады. 

А.Бублик жекелей сында екінші айналымда португалиялық Нуну Боржешпен кездеседі. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың екі жылдан кейін алғашқы жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

166 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз