Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 10 Мамыр, 2024

Іле Алатауы тауларында жағдайы нашарлаған туристке ТЖМ құтқарушылары көмектесті

9 мамырда 4 адамнан тұратын туристер тобы Шымбұлақ шыңына (3450 м) көтерілген.

Жоғарғы жаққа шыққан соң қыздың халі нашарлап, ол өздігінен түсе алмаған.

Көмек көрсету үшін оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, оның ішінде кинологиялық есеп жіберілді.

Түнде РЖҚЖ құтқарушылары туристерге жетіп, екі қызға алғашқы көмек көрсетіп, оларды тасымалдауға кірісті.

Туристерді РЖҚЖ көлігі тұрған жерге жеткізіп, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырды.

441 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз