Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Мамыр, 2024

Ыстанбұлда Отан қорғаушылар күні аталып өтті

Ыстанбұл, 2024 жылғы 7 мамыр –Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен Халық қаһармандары Рақымжан Қошқарбаев пен армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың туылғандарына 100 жыл толуына орай қазақстандық студенттер арасында ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Аталған конференцияның басты мақсаты ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға тиісті құрмет көрсету, олардың ерлік істерін дәріптеу және жастар арасында отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына ықпал ету болып табылды.

Конференция барысында Ыстанбұлдың 10 жоғарғы оқу орындарында білім алатын қазақстандық студенттер қос батырдың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандарына айрықша тоқталып, Отан алдындағы жанкештік ерліктері туралы баяндады.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Түркия Республикасындағы қорғаныс мәселелері бойынша әскери атташесі генерал Мұхамеджан Таласов өткізілген конференцияның өскелең ұрпақтың аға буынға деген құрметі мен Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін оятатынын хабарлады.

Іс-шарада соңында Бас консул Нуриддин Аманқұл Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаев еліміз үшін отансүйгіштік пен батырлықтың үлгісі бола алған тарихи тұлғалар екенін атап өтті.

Фото: gov.kz

90 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз