Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 10 Мамыр, 2024

Чехияда қазақ жауынгерінің есімі мәңгілікке жазылды

Прага, 2024 жылғы 8 мамыр –Қазақстанның Чехиядағы Елшілігінің қолдауымен, Чехияның Оңтүстік Моравия өлкесінің Костице селосындағы бауырластар зиратында жерленген қазақ солдаты Рақымжан Нұрмақсұтовтың есімі бейіт басындағы ескерткіш-тасқа қашалып жазылды.

Рақымжан Нұрмақсұтов 1924 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. 13-ші Гвардиялық Ровен атты әскер дивизиясының кіші сержанты, кавалерист. 1945 жылғы 14 сәуірде Костице селосы үшін болған сұрапыл ұрыста ерлікпен қаза тапты.

Өткен жылдың күзінде Қазақстанның Чехиядағы Елшілігіне Р. Нұрмақсұтовтың туыстары марқұмның жерленген жерін анықтағандары туралы хабарлап, оның есімін бейіт тасына жазуға көмектесу туралы өтініш білдірді. Елшілік Чехияның Қорғаныс министрлігімен және жергілікті билік өкілдерімен бірлесе отырып, тиісті жұмыстар жүргізді. Осының нәтижесінде, марқұм жерленген зираттағы Кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткіш-тақтаға Р. Нұрмақсұтовтың да есімі жазылды.

Аталған шараны салтанатты түрде ашу рәсіміне ҚР Елшілігінің дипломаттары, жергілікті билік басшылығы, майдангердің туыстары, сондай-ақ Чехиядағы қазақ диаспорасының өкілдері мен студенттер қатысып, қазақ жауынгерінің ерлігін ұлықтап, рухына тағзым етті.

Фото: gov.kz

807 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз