Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Мамыр, 2024

Қазақстан мен Армения Сыртқы істер министрлерінің кездесуі

Алматы, 2024 жылғы 10 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Арменияның Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен кездесті.

Сұхбаттасушылар Қазақстан мен Армения арасындағы жоғары деңгейдегі саяси диалогтың даму динамикасын қанағаттанушылықпен атап өтті. Пікірталас кезінде Қазақстан Президентінің Ереванға сәуірдегі сапары барысында өткен екіжақты күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасылды.

Тараптар 1991 жылғы Алматы декларациясының Әзербайжан мен Армения арасындағы қатынастарды реттеу, оның ішінде шекараны делимитациялау процесінде маңыздылығын ескере отырып, Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрлерінің Қазақстандағы, атап айтқанда Алматы қаласындағы кездесуінің символдық сипатын атап өтті.

Сонымен қатар, кездесу аясында өңірлік экономикалық және көліктік өзара байланысты дамыту мәселелері қозғалды.

Фото: gov.kz

80 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз