Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Мамыр, 2024

Жаңаарқада жазушы Ақселеу Сейдімбекке ескерткіш ашылды

Ұлытау облысының Жаңаарқада ауданында жазушы, этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбектің сүрілген ескерткішінің орнына жаңасы бой көтерді. Бұл туралы қарағандылық белсенді Айсұлтан Жақып Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Бұрынғысы әлі түсіме кіреді. Осы жолғысы маған ұнады. Құтты болсын!»—деді ол.

Еске салайық, 2022 жылы Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдық мерейтойына орай ескерткіш бой көтерген еді. Алайда ол көпшіліктің көңілінен шықпай, жұрттың шамына тиген болатын. Аудан әкімі Ғалымжан Құсманғали ескерткіштің көркемдік орындалуы сын көтермейтінін жеткізіп, орнына басқасы қойылатынын мәлімдеді.

84 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз