Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Мамыр, 2024

Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

Самара-Шымкент тасжолының Ырғыз ауылы маңында 2 көлік соқтығысты. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен 2 жолаушы ажал құшты.

Оқиға 9 мамырда болған. Самара-Шымкент автожолында ВАЗ автокөлігі мен онымен бір бағытта келе жатқан МАН жүк көлігі соқтығысқан. Жеңіл көлікте Ырғыз ауданының адамдары болса, жүк көлігін шетелдік жүргізген.

Апат салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның 2 жолаушысы қайтыс болды. Қазір жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

95 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз