Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Мамыр, 2024

Әзербайжан мен Арменияның cыртқы істер министрлері келіссөз жүргізуге Алматыға келді

 Алматы қаласындағы Достық үйінде Әзербайжан және Армения cыртқы істер министрлері Джейхун Байрамов пен Арарат Мирзоян арасында келіссөз жүріп жатыр.

Қазақстан тарапының ұсынысын қабыл алған екі елдің сыртқы істер министрлері, бейбіт келісім жүргізуге Алматыға келді. Оларды ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қарсы алды.

Сыртқы істер министрі

Фото: Александр Павский / Kazinform

«Бұл қалада халықаралық ұйымдардың 30-ға жуық аймақтық өкілдігі жұмыс істейді. Ірі форумдар мен конференциялар өтіп тұрады. Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ хабын ашу бойынша жұмыс қызу жүріп жатыр. Осы мүмкіндікті пайдаланып, біздің бастамамызды қолдағаны үшін Әзірбайжан мен Армения басшылығына шынайы алғысымызды білдіреміз. Біздің Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл кездесу екіжақты келісімді іс жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Достық үйінің қабырғасындағы рух оңтүстік Кавказда берік және ұзақ мерзімді бейбітшілікті тез арада орнатуға ықпал ететініне үмітті. Қазақстан делдал болмай-ақ, ізгі істер миссиясын бейтарап орындауға дайын екенін тағы да атап өткім келеді»,- деді Мұрат Нұртілеу.

Сондай – ақ ол Әзірбайжан мен Армения біз үшін жақын елдер ғана емес, маңызды стратегиялық серіктес екенін атап өтті.

Әзербайжан

Фото: Александр Павский / Kazinform

«Ежелден біздің халықтарымызды ғасырлар бойы қалыптасқан достық, өзара түсіністік және ортақ тарихи өткен байланыстырып келеді»,- ҚР Сыртқы істер министрі.

Әзербайжан cыртқы істер министрі Джейхун Байрамов Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевқа келіссөз жүргізуге осындай алаң ұсынғаны үшін алғыс білдірді.

Армения

Фото: Александр Павский / Kazinform

«Екі ел делегациясының кезекті кездесуін Алматыда өткізуге ұсыныс жасаған Қасым-Жомарт Тоқаевқа рахмет айтқым келеді. Осыдан екі ай бұрын Берлинде кездескен едік. Сондай-ақ Армения мен Әзірбайжан бейбітшілік туралы келіссөз бойынша пікір аламасты. Біз бұл процеске үлкен мән береміз. Қысқа мерзімде көлемді жұмыс атқардық. Бірлескен күш-жігердің арқасында мемлекеттік шекараның тиісті учаскелерінде минадан тазарту жұмыстары жүргізілді. Географиялық координаттар нақтыланып, бұл аумақта шекаралық тіректерді орнату жұмыстары аяқталуға жақын. Өз тарапымыздан бұл үдеріске үлкен мән беретінімізді және жұмысты жалғастыруға дайын екенімізді айтқым келеді. Алматыдағы келіссөздер өте пайдалы болады деп есептеймін. Сондай -ақ әлі де бар ашық мәселелердің шешімі табылады деген сенімдемін»,- деді Джейхун Байрамов 

Армения cыртқы істер министрі Арарат Мирзоян да Алматыдағы келіссөз өз нәтижиесін беретініне сенімді.

Армения

Фото: Александр Павский / Kazinform

«Армения елі бейбітшілікті қалайды. Біз келіссөздер жүргізуге әзірміз»,- деді ол.

Тараптар 1991 жылғы Алматы декларациясының Әзербайжан мен Армения арасындағы қатынастарды реттеу, оның ішінде шекараны делимитациялау процесінде маңыздылығын ескере отырып, Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрлерінің Қазақстандағы, атап айтқанда Алматы қаласындағы кездесуінің символдық сипатын атап өтті.

159 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз