- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 10 Мамыр, 2024
Қор нарығында доллар арзандады
Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,03 теңгеге төмендеп, 1 доллар 439,40 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 10 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 439, 43 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы –
440,03 теңге, сатып алу – 442,1 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 439 теңгеден болса, сатып алу – 444.
Алматыда Ресей рублі 4,71 – 4,81 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,7 – 4,8 теңгеден сатылуда.
148 рет
көрсетілді0
пікір