Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 10 Мамыр, 2024

Полиция балаларға есірткінің зияны туралы түсіндіріп жатыр

Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі – полиция қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі. Әсіресе олардың заңсыз есірткі айналымына тартылмауына ерекше назар аударылады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Бұл мәселенің өзекті екенін Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда атап өтіп, есірткіні заманауи бес кеселдің біріне теңеген болатын.

Байланыс құралдарының дамуымен бүгінде есірткі де қолжетімді бола түсті. Осыған байланысты полиция есірткіні қолданудың салдары мен оның зардабы туралы ауқымды түсіндіру жұмыстарын күшейтіп жатыр.

– Биыл төрт ай ішінде оқу орындарында, спорт ұйымдарында бес мың профилактикалық іс-шара өткізілді. Бұл акциялар, семинарлар, дәрістер, кездесулер, конкурстар және спорттық сайыстар. Басты назарда жоғары сынып оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, – деп атап өтті ведомствода.

Сонымен қатар іздестіру шаралары да жалғасып келеді. Қызметтік иттердің көмегімен жатақханалар мен пошта жөнелтілімдерін жеткізетін логистикалық компанияларда тексеру жүргізіледі.

ІІМ есірткіні таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталатынын және 10 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар екенін еске салады.

370 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз