Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • ҮРКЕР
  • 06 Мамыр, 2010

Балаларға арналған бағалы жырлар (Н. Мәукенұлы шығармалары негізінде)

d182d0bed0bbd0bad18bd0bdШырын Толқынова Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің магистранты Бала қиялын қанаттандырып, ойын өсіріп-өрістетуге, дәуір мен уақыт, адам мен қоғам, қоршаған айнала, табиғат сырлары туралы түйсік-түсінігін тереңдетуге, рухани-өмірлік тәжірибесін кемелдендіріп, талаптары мен талғамын биіктетуге мейлінше қуатты ықпал ететін фактор-көркем әдебиет екені белгілі. Әсіресе, беймәлім табиғат құбылыстарының құпиялары мен таңдандыратын тамаша көріністері бала қиялына қанат бітіріп, ойын ұштай түсері анық.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр мылқау танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды.- деген сурет біздің көз алдымызға тұңғыш рет даланың жанды суретін, бізге жұмбақ табиғаттың таңғажайып көріністерінен сыр ашқандай еді. Содан бері қысты-«кәрі құдадай», күзді–«қайыршы шал-кемпірдей» елестететін болғанбыз. Балалар поэзиясы-тәрбие құралы екенін ескерсек, қоршаған ортаның баланы үлкен қиял әлеміне, асқар-асқар арман асуына, тазалық, сұлулық секілді қасиеттерге жетелеу мақсатында жырлануы тәрбие берудің бір жолы. Ендеше, осы Абай арнасы бүгінгі балалар поэзиясында қаншалықты өріс алған деген сауалды қоя отырып, кейінгі, жаңа өріске, көркемдігі жағынан биік белеске көтеріліп келе жатқан балалар поэзиясын бағдарлап көрейік. d0bcd0b0d183d0bad0b5d0bdd2b1d0bbd18b-d0bdТәуелсіздік жылдарында қазақ поэзиясында жасындай жарқ етіп, жұлдыздай сөнген жас талантты ақындардың бірі - Н.Мәукенұлы еді. Сырлы жырлары туралы сөз бөлек, ал балаларға арнап жазған өлеңдері сөз етіп отырған кезең қаламгерлерінен ерекшелігі бар тың дүниелер. Мәселен «Түнгі жаңбыр» өлеңіне көз жүгіртейік. Жауады жаңбыр түнде, Сөйлейді тамшы кімге? Гүрілдеп тұрған піл ме? Сыбырлап тұрған гүл ме? Бас аяғы бір-ақ шумақ осынау өлең жолдарына ақын қаншама суретті сыйдыра білген. Тамшының тырсылы-оның сөйлегені, пілдің гүрілдегені –бәлкім найзағай атқан күннің күркірі болар? Түнгі жаңбыр кезіндегі дала дыбыстарын бала түсінігіне лайық әрі нәзік дүние иесі гүлдің сыбырлауы мен тамшының тіл қатуы етіп, суретті бейнеде бере білуі ақын ойының ұшқырлығы мен жырларының көркемдігін білдіреді. Жаңбыр астындағы гүлге деген жанашырлық, тамшының сөйлегеніне таңырқаулық жас оқырманның қиялын ұштап, көз алдына елестету, салыстырып көру секілді танымдық деңгейін көтеру мақсатында қолданылған әдіс. Немесе «Бұлт», өлеңіне назар аударайық. Будақ-будақ бұлт, Боз аспанды түрт. Боздап өте шық та, Бозғылт шаңды құрт. Бұл өлең де бір-ақ шумақ. Тұнып тұрған сурет. З. Ахметов өз сөзінде: «Поэзиядағы тіпті ең қарапайым деген сөздердің өзі де ақын ой-сезімінің байлығын, айрықша қуаттылығын аңдататындай болса, жайдағы айтылатын, үйреншікті мағынасынан гөрі әлдеқайда терең мәнге ие бола алады» деген (2. 56). Аспанның қарабұлттанған сәтінде жерге жаңбыр жауатыны бала түсінігіне белгілі жайт. Ал оның аспанда қалай қозғалып, нендей мақсатта жүретіні жұмбақ нәрсе. Ендеше, ақын бұлт бейнесін «боз аспанды түрт те, бозғылт шаңды сүртіп, боздап өте шық» деп бейнелейді. Жаңбыр жауса жер дүние тазарып, шаң-тозаңнан бір арылып қалатынымыз анық. Мұндағы бұлттың боздап өте шыққаны-сіркіретіп жаңбыр төгіп, күркіретіп найзағай ойнатқаны. Көркемдік заңдылығындағы аллитерация әдісінде әр беріп тұрған бұл төрт жол өлеңнің өн бойына өрнек тапқан жанды сурет ешқандай түсінік беруді керек етпейтіндей. Шұбалаңқылықтан ада ақын жырының бір ерекшелігі де- осы қысқа да нұсқа жырланатындығында деп ойлаймын. Бұрын да балалар поэзиясында бұл секілді табиғат құбылыстары жырланған. Олар «жаңбыр жауды, бұлт басты тауды, жуып кетті бауды» деген секілді арзан, жеңіл ойларға құрылып, бала қиялына, ойына әсер берерліктей әрі көз алдына елестететіндей табиғатты жанды бейнеде көрсете қоймаған еді. Балалар поэзиясының басты талабы- бала қиялына, бала түсінігіне, жан дүниесіне әсер ететіндей жанды дүниелер жазу. Олай болса, Н.Мәукенұлының балалар әдебиетіне әкелген осынау дүниелерін талапқа сай деп қабылдап, өз ерекшелігі бар өзгеше жырлар деп бағалауға болады. Н. Мәукенұлының шығармаларының ерекшелігі табиғаттағы көзге көріне бермейтін, адамдар көп мән беріп, сезіне бермейтін құпия құбылыстарға тіл бітіріп, тірілтіп, жанды суреттей жырлауында. Сөзіміз дәлелді болу үшін «Күз» өлеңіне көз жүгіртейік. Даусыңды жел, жаңғыртпа, Бала бұлтты қаңғыртпа. Аузын ашқан аңғыртқа, Алабұрты алмұрт та. Өрік қалды өкпелеп, «Өскенім бе, текке?», - деп. Болса да орны бөп-бөлек, Жинаушыдан жоқ дерек. Мұнда да күз мезгілінің жалаң да жауыр суреті жоқ. Ақын жай ғана бұлт деп айта салса, өлеңнің балаға деген жақындығы, жанына түрткі боларлық сезімі білінбес еді. Өлеңнің өн-бойына жылылық беріп тұрған осы «бала бұлт» сөзі. «Даусыңды жаңғыртпа» деп, желге өктем үн қата отырып, сол жел мен жаңбырда қалған бақтағы «аузын ашып алабұртқан алмұртты, текке өстім деп өкпелеген өрікті, сарғайып кеткен алманы» қорғайды. Дер кезінде жиып алмаған жинаушыны кінәлайды. Осылайша, күзде терілмей қалған, өз уақыттарын жіберіп алған жемістердің күйін суреттеп келеді де, ақын «кер жалқаудай болмайық, уақыт өткізіп алмайық» деп, балаларға ақыл айтады. Одан әрі Күн салқындап барады, Құбылмаса жарады. Осыны ұққан баланы, «Алтын» десе болады.- деп аяқтайды. Яғни ақынның ойы не? Олар: жалқау болмау, үлкеннің тілін алып, «алтын» бала атану. Міне, осы тектес жемістердің өз уақытынан қалып қоюдағы өкініші, бұлтардың аспандағы тірлігі, түнгі жаңбыр кезіндегі дала сыры- көп мән беріле бермейтін құбылыстар. Ақынның шеберлігі сол, нәзік ақын жанымен соны сезіне біледі, құбылтып, бала ұғымына сай сөйлете біледі әрі астарына үлгілі тәрбиелік мән ұсына біледі. Міне, соны сурет пен талас жоқ талғам. «Балалар поэзиясында бейнеленген өмірлік шындық өз оқырманына қызықты, әсерлі болғанда ғана көркемдік мақсатқа қол жетпек. “Балалар поэзиясындағы көркемдік мақсат қашанда қос арнадан тұрады: бірі –көркемдік эстетикалық мақсат, екіншісі- педагогикалық- тәрбиелік мақсат. Аталған екі мақсатқа қоса қабат қол жеткізген жағдайда ғана балаларға арналған поэзиялық туынды көркем дүние бола алады». Ақынның жырынан біздің айтпақ болған ойымыз да, көрсетпек болған көркем дүниеміз де, балалар әлеміне әкелген сырлы дүниесі де міне, осылар. Мұнымен қатар, «Бағдаршам», «Жусан», «Асқанға тосқан» секілді т.б. өлеңдері өрендердің өресін биіктетіп, азаматтық қасиеттерге жетелеудегі «Балдырған» бетін бермеген бағалы жырлар. Балаларға арналған шығармаларда өмірлік құбылыстар қызғылықты да түсінікті бейнеленіп, жас оқырманның сезімі мен ақыл-ойына қозғау салуы, баяндау яки бейнелеу үлгісі мейлінше әсерлі болуы тиіс. Сонда ғана балалар әдебиетінің көркемдік өрісі кеңейіп, әсемдік әлемі әсерлі жырлармен бағалана түсері хақ. Жыл мезгілдері - балалар поэзиясында бұрыннан келе жатқан орнықты тақырып. Көктемде ағаштар бүр жарып, Жер-Ананың құлпыратыны, жаздағы жарқыраған тіршілік көрінісі, қыста қар жауып, бар дүние ақ мамыққа оранатыны, күзде жапырақтар сарғайып, ағаштардың қурайтыны сияқты құбылыстардың қайта-қайта бір ізді жырлана беруі балаларға көп әсер бере қоймайтын шығармалар деп ойлаймын. Балаға тың ойлар мен жанды сурет керек. Сонда ғана бала шығармадан әсер алып, айналасындағы көріп жүрген дүниені сезінеді, көз алдына елестетіп, ол туралы түсінікті, суретті өз қиялына қондыра біледі. Балаларға арнап өлең жазған қаламгерлер шығармашылығында мұндай бір сарынды табиғат жырлары көптеп кездеседі. Десе де, тәуелсіздік кезеңінде балалар поэзиясы таланты жас қаламгерлермен толыға түсті.

3015 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз