Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • ҮРКЕР
  • 06 Мамыр, 2010

ҰЛЫЛЫҚТЫ ҰЛЫҚТАҒАН «ҰЛЫТАУ» Қыдырәлі Болмановпен сұқбат

d29bd18bd0b4d18bd180d0b0d0bbd0b8-d0b1d0bed0bbd0bcd0b0d0bdd0bed0b21- Сіз өзіңізді қазақтан шыққан тұңғыш продюсермін деп есептейсіз бе? - Продюсер деген не нәрсе? Оны қазақша түсіндіретін болсам, біріншіден ол- менеджер, менеджменттен білімі болуы керек, ол маркетолог, маркетингтен білімі болуы керек, ол – психолог, психологиядан білімі болуы керек, ол – суретші, суреттен білімі болуы керек, яғни дизайн жасауға, ол – музыкант, яғни өңдеудің не екенін, ән деген қалай жасалып, қалай жұмыр болады, қайтсе ол образ қалыптасады, қайтсе ол ағым қалыптастыратын жоба жасай алады. Қысқаша түсіндірсем, ағым дегеніміз – бұрын-соңды қазақ эстрадасында домбырамен ойналатын күйлер, яғни этноинструменталды ағым болмаған, яғни «Ұлытаудан» бұрын мұндай ағым болмаған.- Сіздің ең үлкен, әрі табысты жобаңыз «Ұлытау» емес пе? - Мен «Ұлытауды» жасаған себебім, біріншіден қазақ эстрадасына ықпал жасап, этноинструменталды музыка қалыптастыру. Мақсаты – домбыраның үнін көзден де, көңілден де кетірмеу, өйткені дәстүрлі дүние жылына бір рет шығады, ал эстрада күнде жүреді. Сондықтан эстраданы құрал ретінде пайдаланып, тоқсан бірінші жылы «Азия даусына» домбыраны әкеліп қостым. Оған шейін қазақ эстрадасына ешкім терме айтып немесе күй ойнаған емес. Мен «Ұлытау» арқылы домбырамен күй ойнауға және Голливуд оған гран-при береді деген психологияны қалыптастырдым. Мен «Ұлытауды» продюсер ретінде өмірге әкелдім, яғни бапкер ретінде мың құлынның ішінен бір құлынды таңдап алып, оны баптап, уақытында ұйықтатып, тазалап, тамағын ішкізіп, керекті витаминін беріп, уақытында суарып, жуындырдым. Бапкер оның додаға дайын ба, дайын емес пе, бәрін біледі, яғни бапкер талантты болғанда ғана жолы ашылмақшы. Бізде мынадай продюсерлер бар – таза сауда продюсерлері, яғни олардың жасайтын әншілері маркетингтік өнім. Мысалы, яғни бір сүт өнімін жасайды да, оны таңертеңнен көрсете береді, ертеңіне бәрі алып кетеді. Сапасы жақсы болса, оны бәрі алады. Мысалы, Зарина Алтынбаева деген әнші қыз кезінде, екі-үш жыл теледидардан түспеді. Оны бәрі біліп, аты құлаққа сіңді. Ал бірақ оның әнін ешкім ыңылдап айтып бере алмайды, бұл продюсердің үлкен қателігі. Ол тек көрсетуге күш салды. Ол маркетингті, менеджментті білмеді. Сосын бізде әншілерді топырлатып жинап алатын продюсерлер бар. Көбіне тойға апарып ақша табады, яғни бұларда жоба қалыптастыратын мақсат жоқ. Ал менің жобаларым эстрадада ықпал жасау. - Сіз «АБК» тобын құру кезінде қандай мақсатты көздедіңіз?d2b1d0bbd18bd182d0b0d183-d182d0bed0b1d18b- Эстрадада «АБК» үштік пен төрттікті қалыптастырды, яғни кәсіби үш әншіні жинап, топ қылдым. Ал қазір үштік те, төрттік те көп. Жүздеп кездеседі. Продюсерлердің айырмашылығы осында. Мысалы, былай айтатын болсақ, домбыраны жасайтын шеберлер бар, шебер қолымен жасайды, ол әрқайсысын жонып, ағашын кесіп, шегін таңдап, құрастырады. Ал ол домбыраларды заводта көшіріп, он бес теңгеден сатады. Яғни, мен шеберханасы бар продюсермін. «Ұлытау» да, Қарақат та менің шығармашылығымнан туған туындылар. - Қарақат Әбілдинаның «ұлттық образын» сіз қалыптастырдыңыз ба? - Қарақат – қазақ қыздарының образын жасау үшін қажет болды. Мен оны танымал ету үшін жартылай жалаңаштап, Бритни Спирс сияқты шығаруыма болады. Бірақ, мен олай етпедім. Оның басына писетка кидірдім, бұл деталь сырғаң, шәпкең, домбыраң, әнің – бәрінің образын қалыптастырды. Яғни, ол суретші деген сөз. - Кез-келген продюсер алдымен топқа жетекші болғанда өз пайдасын ойлайды. Сіз бұл тұрғыдан қаншалықты пайда немесе қаншалықты зиян шегіп жатырсыз? - Адаммен жұмыс істей білу, арадағы тазалықты сақтай білу, тағы да сол шеберханадан шығады. Ал, шала - шарпы продюсерлер шала дүниелер жасайды, өйткені олардың көзінің алдында тек ақша тұрады. Сосын анадан ұрлайды, мынаны қинайды, екі – үш жылда бір – бірімен ұрыссады, сосын тарайды. Соның бәрі білімсіздіктен, жүйесіздіктен. «Ұлытау» сахнада тоғыз жылдан бері жүр. Қарақат та тура сондай. «Ұлытаудағы» жеті адам тоғыз жыл бойы жұп – жұмыр болып жұмыс атқарып келеді, яғни береке бар. Мен олардың ешқайсысын алдамаймын, алаламаймын. Бұлардың сүттей ұйып, жұмыс істеуінің себебі, бұлардың бағдары айқын, мақсаты белгілі. Продюсердің жұмысы ұрлаудан тұрмайды. Оның жұмысы –қалыптастыру мен ұйымдастыру. - Сіз өзіңіздің шығармашылық есебіңізді неге жиі өткізбейсіз? - Мен он жылда бір –ақ рет концерт жасадым. Мен жылда жасауыма болар еді. Бірақ, бүкіл жобаларымды пісірдім, бүкіл сынақтан өттім, ойға алған мақсаттарымды екшеп – екшеп алып келіп, он жылдан кейін концерт бердім. Оны бес ай дайындадым. Республика Сарайын бір жетіге жалға алдым. Өйткені біздің қазақтың мерекелік шара ұйымдастырудағы әдісі солай. Бүгін жаман концерт бердің бе, ертең... үшінші күні ешкім келмейді. Ал ондай концерттер бізде қазір өте көп. Қазір Сарайда күнде қазақтың концерттері өтуде. Онда қандай мән – мағына, оған ешкім назар аудармайды. Бұл концерттің сценарийін жазып, дизайнын өзім жасадым. Мамандарды өзім таңдадым. Жарық берушілермен бір ай дайындық жасадым. Мен «Ұлытауды» тойға барып, ақша табайын деп істеген жоқпын. Қай ісімізді алсаңыз да сол мақсат көрініп – ақ тұр. Қазір Германияда диск шығарып жатырмыз. Ол сатылып жатыр. Біздің мақсат еліміздің атын шығарып, елге қызмет ету. - Домбыраны эстрадаға әкелуде қандай қажеттілік болды? - Домбыраны эстрадаға кіргізу үшін тоғыз жыл уақытым кетті. Тоқсан бірден бастасаңыз, жиырма жыл уақытым кетті. Оған дейін эстрадада домбыра ұстаған ешкім жоқ. Мысалы, Ерболат Құдайбергенов осы домбыраны тыңдап өсті. Сонау тоқсан бірінші жылы Болманов домбыраны бәйгеге әкеліп тікті. Тізерлеп отырып тартып, «Ұлытауды» дүниеге әкелді. Мен дарынсыз, әннен хабары жоқ қыздарды сахнаға шығарғам жоқ, өйткені мұның ғұмыры ұзаққа бармайды және берекесі болмайды. Бұл өсіп-дамымайды, бұл күнкөрістің жұмысы. Ал біз күнкөрісті мәдениетке араластыруымызға болмайды. Мәдениеті дамымаған ел ешқашан дамымайды. Ал идеологиясы, рухани байлығы жоқ ел өшеді. Гитлер тегін айтпаған: «Елді, ұлтты өшіргің келсе, оның музыкасын өшіріп таста. Әнін, күйін өшіріп тастасаң өзі – ақ өшеді» деп... Қазір технология дамып жатыр, біз де дәстүрлі музыкамызды жаңа технологиямен жаңартуымыз керек. - Сіз «Ұлытау» сияқты жобаларды дүниеге әкелдіңіз. Алда осындай жобаларды дүниеге әкелу ойыңызда бар ма? - Біріншіден, мен бұл жобаны әлі соңына жеткізген жоқпын. «Ұлытау» Еуропда өзінің жеке концерттерін беріп, стадионаға халықты жинаса, сол кезде мен бір жұмысты бітірдім дер едім. Соған ұмтылу үстіндеміз. - Шетелдік продюсерлерден үйренеріңіз көп пе, үйретеріңіз көп пе? - Мен Жезқазғанда суретшілер оқуын оқып жүріп, екінші курсында «Жігер» фестиваліне келдім. Сонда Кәукен Кенжетаев мені профилім басқа болса да, Академияның үшінші курсына қабылдады. Яғни мен өмір жолында суретті, дизайнды жақсы білемін. Одан кейін Алматыда музыкалық білім алдым. Бұл менің негізгі кәсібім. Тағы айта кетейін, мен сәуірдегі концертте қысылып жатқан кезімде Арқабек Қырықбаев деген азамат келіп: «Құрметтейтін азаматым едің, қандай көмек керек?» деді. Қаражаттан көмек керек болғандықтан, отыз мың доллар әкеліп берді. Бұл – ақ ниет, ақша деген қайда кетпейді? Оның маған ақшасы емес, ниеті қанат берді. - Жалпы, сіз өзіңіздің халық үшін жасап жатқан еңбегіңіз дұрыс бағаланып жүр деп ойлайсыз ба? - Мен алған сыйлықтардың ішінде ең бағалысы Жастар одағы сыйлығы. Олар менің «Дарынға» өткізіп қойған құжаттарымды қайтарып берді. Бірақ, «Дарынды» келесі жылы берді. Сол екі қымбат сыйлығым. Сосын – «Алтын жүрек». Комиссия мүшелері бір ауыздан қолдады деп хабарлағасын, амал жоқ келіп алдым. «Бір ауыздан қолдады» деген адамға қалай қанат береді. Бәрін көріп отыр ғой. Мен мешітті Алланың разылығы үшін салдым. Астанадағы, Алматыдағы жетімдер үйіне көмектестім. Мұның бәрі Алланың разылығы үшін және өзіме сауабы үшін. Сондай сыйлықтың пайдасы бар. Елің ескеріп жатса, адамға қанат береді ғой. - «Ұлытау» этногтобының шығармашылығын шетелдік тыңдармандар қалай қабылдауда? - Европаға барған концертте, Румынияға барған кезде, сағат күндізгі төртке дара қойып, комиссия мүшелері «тірідей» тыңдамақшы екен. Сонда жиналған адамдар тұрып қол соқты. Осы кезде Американың әйгілі «Manowar» тобы өздерімен бірге Ресей сахнасында өнер көрсетуге шақырды. Алғашында, мәскеуліктердің қазақтарға құрметтері сүйіспеншілікті емес екенін біліп бас тарттық. Бүкіл он жылдық еңбегіміз сынға түсетін кез. Арманың, үмітің бәрі бітті сол жерде. Сосын жарты сағат ойнайтын болып келістік. «Manowar»-дың белді мүшесі Джои Демайон өзі таныстырып шақырғанда, бүкіл стадион күлді. Күлетіндей жөні бар, «Manowar» әлемдік топ. Біткен жеріміз осы дедім. Бір күйден кейін түрлері өзгере бастады. Екінші күйде қол шапалақтай бастады. Үшінші күйде «Қазақстан», «Қазақстан» деп айғайлады. Міне, Алланың қолдағаны. Қорықпай басыңды бәйгеге тігу деген сол. – Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбат жүргізген Мәншүк Ахметова, ҚазҰУ-нің 2-курс студенті

1655 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз