Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • ҮРКЕР
  • 06 Мамыр, 2010

Алтын тәж киген Томирис.

d0b8d0b7d0bed0b1d180d0b0d0b6d0b5d0bdd0b8d0b55«Талант өзі төбе көрсетпесе тану қиын» - деген даналар. Қалай дегенмен де, ХХІ ғасыр озық технологиялар, ғажайып жаңалықтар ғасыры. Бүгінде Алматының ең өнерлі өрендерінен құралған «Таңсәрі» балалар мюзик-шоу театрының атағы біраз жерді шарлап кетті. Осы «Таңсәрінің» жас таланттары өткен жылғы қараша айының алғашқы аптасында Сочиде өткен ІХ Халықаралық «Кинотаврик» балалар шығармашылығы фестиваліне шақырту алған еді.Уақыттың тығыздығына қарамастан Қара теңіз жағалауын бетке алған қазақстандық жас таланттар тобы фестивальдің нағыз жұлдыздарына айналып қайтты. Айрықша айта кетерлік бір жайт – болашақ өнер жұлдыздарына фестиваль президенті Иосиф Кобзонның өзі ерекше көңіл бөліп, жеке кездесу ұйымдастырыпты. Осы халықаралық «Кинотаврик» байқауына тек ТМД мемлекеттерінен 500-ге жуық бала қатысса, Болгария, Канада, Румыния, Израиль мемлекеттерінің де өнерлі балалары шақырылыпты. Байқауға қапысыз дайындалған «Таңсәрі» театрының жас өрендері алғашқы турдың өзінде-ақ ең жоғары ұпай жинап, ақтық сайысқа жолдама алды. Шын өнердің бағасын біліп, саралай алатын талғампаз көрермен тіпті, «Таңсәрі» театрының жанындағы «ДНК» тобының (Қазақстан халықтары достығы) орындауындағы «Армысың, Астана» әнін қайталап орындауын қолқалап сұрапты. Сонымен, «Таңсәрі» балалар театрының жас өнерпаздары фестивальдің барлық номинациясы бойынша жүлдегер атанып қайтты. Байқаудың ең басты жүлдесін он жасар талант иесі Томирис Нәбиева жеңіп алды. Томириске «Кинотавриктің» алтын тәжі мен алтын алқасы бұйырды.Қалай дегенмен де, бұл жеңіс кішкентай ғана Томириске оңайға түскен жоқ. Байқау кезіндегі небір қиналыстарын өзі де кейіннен еске алып: «Мен кезек бойынша алтыншы болып сахнаға шығуға тиіс едім. Алайда, сахнаның сыртында аяқ киімімді жоғалтып алдым. Біраз уақытым аяқ киімімді іздеумен кетті. Енді кешіксем, әділқазыларды ашуландырып алармын дедім де, сахнаға жалаң аяқ шығып кеттім», - дейді жас ханшайым. Мұны байқау соңынан бір-ақ білген әділқазылар орындарынан тұрып, ұзақ уақыт қол соғады. Тапқырлығының арқасында Шығыс қыздарының биязылығы мен көркемдігін әдемі етіп көрсете білген Томирис ең үздік деп танылып, бас бәйгеге ие болады. Ең бастысы – «Кинотаврик» фестивалінің президенті Иосиф Кобзон, фестиваль директоры Марк Рудинштейн, «Ералаш» киножурналының директоры Борис Грачевский, әнші Мария Кац, тағы да басқа белгілі саңлақтар Томиристің өнерін жоғары бағалады. Томиристің «Таңсәрі» балалар мюзик-шоу театрына келгеніне тек жарты жыл болды, алайда ол осы уақыттың ішінде «Fashion House International» атты тағы бір халықаралық фестивальдің жүлдегері атанып үлгерді. Годзюрю карате-до би өнерін 4 жасынан бастап үйренген Томирис осы ғажайып қабілетін Сочи фестивальінде жарқырата көрсетіп, жапонның нағыз алмас қанжарын самурайларша ойната білуі көрермендерді тәнті етті. Міне, осылайша Қазақстанның жас өнерпаздары өздерінің айшықты табыстарымен халықаралық фестивальдардың түндігін желпілдетуде. «Жеңіс - әр адамның ішкі дүниесінде бұғып жатады, оны тек аса бір құлшыныс немесе жан тебіренісі ғана жарыққа шығара алады» деген философиялық тұжырым Томирис Нәбиеваның басты бағдаршамы тәрізді. Ендеше, жолың болсын, жас өнерпаз! Жұмабай ҚҰЛИЕВ

1217 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз