Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • ҮРКЕР
  • 06 Мамыр, 2010

«Үркер – Үміт» бәйгесі

urker-umit1Құрамында «Ана тілі», «Экономика», «Ұйғыр авази» апталықтары мен «Ақиқат», «Мысль», «Үркер» сияқты журналдардың басын біріктіріп отырған «Қазақ газеттері» ЖШС-ның түрлі мәдени-әдеби шараларға қолдау көрсетіп келе жатқандығы барша оқырманға жақсы мәлім. «Қазақ газеттері» ЖШС сондай игілікті шаруаның тағы бірін қолға алып отыр. «Қазақ газеттерінің» кенжесі саналатын «Үркер» журналы аз уақыттың ішінде руханият саласына жаңа қадам басқан талай жастың есімін көпшілікке қолынан келгенше танытып келеді. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Осы мақсатта біздің басылым жас қаламгерлер үшін «Үркер – Үміт» бәйгесін жариялап отыр.

Бәйгеге отыз беске дейінгі қаламгерлер ғана қатыса алады. Поэзия жанры бойынша әр автор кез келген тақырыпта 3 өлеңмен, прозашылар 1 әңгімемен додаға қатысуға мүмкіндігі бар. Бәйге қорытындысы 2010 жылдың желтоқсан айында арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен шығарылатын болады. Шығармалар «Үркер» журналының редакциясында қабылданады. Біздің мекен-жайымыз: Абай даңғылы 143, 6 қабат, 622 бөлме. Байланыс телефоны: 3-94-41-34. Электронды поштаның адресі: Urker_2010@mail.ru Озық шығармалар мүмкіндігінше журнал бетінде жарық көріп отыратын болады.

1562 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз