Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • TENGE MONITOR
  • 13 Мамыр, 2010

Қарқынды бәсеңдетпеу қажет

Бүкіл еліміз Ұлы Жеңіс мерекесін толайым табыстармен қарсы алды. Өткен жылдың соңғы ширегінде, сондай-ақ үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында нақты экономикалық өсімге қол жеткізілді. Соның негізінде биыл мұнайдың әлемдік бағасының болжамдық бір баррель үшін 50 АҚШ долларынан 65 долларға дейін ұлғаюын көздейтін республикалық бюджет параметрлерінің негізі ретінде дамудың базалық сценарийі қабылданды. Экономика өсуі 2% деңгейінде жобаланып отыр. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2010 жылы болжам бойынша 3,3%-ке өседі.

Қарқынды бәсеңдетпеу, тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшін екінші тоқсанда бірқатар нақты міндеттерді іске асыру қажет болады.  Бірінші міндет – биылғы жылға 6 мен 8 пайыз арасында болжаланған дәліздегі инфляция деңгейін қамтамасыз ету үшін Үкімет тарапынан инфляциялық үдерістерді реттеуге арналған шараларды екі жылға жоспарлау тәжірибесін қайта бастау. Осы орайда атап өтетін жағдай үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында инфляция деңгейі өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 2,9 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне қатысты тарифтердің өсуі есебінен, маусымдық фактор және сыртқы конъюнктураның ықпалы себебінен орын алып отыр. Осыған орай ауыл шаруашылығы ведомтсвосы және жергілікті атқарушы органдар азық-түлік өнімдері бағасының өсуін қатаң бақылауға алуы қажет.

Екінші міндет – ұлттық экономикада инвестициялық белсенділіктің ұлғаюына жағдай жасау. Осыған байланысты үстіміздегі жылдың наурыз айында 2010-2014 жылдарға бағытталған елдiң индустриалды - инновациялық дамуы мемлекеттiк бағдарламасы қабылданды. Бұл Бағдарлама индустрияландыру тетіктері арқылы ел экономикасының әртараптандырылуына үлес қосу мақсатында іске асырылады. Бағдарлама аясында республикалық және аймақтық маңызы бар жобалардан тұратын Қазақстанды индустриялдандыру картасы дайындалды.

Тағы да атап өтетін жағдай - Үкімет тарапынан кәсiпкерлiк сектордың сауығуы мен жаңа бизнес-бастамалар мен экспортқа бағытталған өндiрiстердi қолдауға арналған «Бизнес жол картасы - 2020» бағдарламасы қабылданды.   Осыған орай орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Индустрияландыру картасына енген жобаларды іске асыру үшін құрылыс жұмыстарын бастауға бар жағдайды жасауы керек.

Жергілікті атқарушы органдар «Бизнес жол картасы» бағдарламасында қарастырылған аймақтардағы жұмысты белсенді түрде жүргізуге тиіс. Қаржыны дер кезінде игеру кәсіпкерлікті қолдауға және экономиканы қаржыландыруға ықпал етеді. Үкімет жергілікті органдармен бірге тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуі және еңбек нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін «Жол картасын» іске асыруды ары қарай жалғастыруы керек. Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар өздерінің жұмыстарына қажет тауарлар мен қызметтерді сатып алу барысындағы отандық өнімдердің үлесін ұлғайтуға арналған әрекеттерін ары қарай жалғастыратын болады.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2009 жылдың отандық өнімдердің үлесі 60 пайызға жетті. Үшінші міндеттеме – ол осы жылдың бірінші қаңтарынан бастап жұмыс істеп отырған Кедендік одақтың нормативтік құқықтық базасын дайындау щеңберінде ұлттық экономикамыздың мүддесіне сәйкес жұмыс істеу болып табылады. Қазіргі күнде алыс шет елдерден келетін тауарларға қатысты осы үш мемлекет тарапынан бірыңғай сауда саясаты жүргізіліп отыр. Келесі жұмыс өзара сауданы тереңдету болып табылады. Атап айтқанда, 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап Кедендік одақтың Кедендік кодексі күшіне енеді.

Осыған байланысты қазақстандық тауарлардың Кедендік одақ нарығына шығуы және шикізаттан тыс өнеркәсіп салаларына инвестиция тарту үшін Үкімет отандық бизнес қауымдастығымен бірігіп белсенді жұмыс істеуі қажет. Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында жоғарыда аталып өткен міндеттемелерді орындаулуы экономикамыз дамуының тұрақтандырылуына және алдын ала бекітілген экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуге тікелей байланысты.

Мұрагер Сералы

539 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз