Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • TENGE MONITOR
  • 13 Мамыр, 2010

Ақпараттық кеңістіктің бәсеке қабілеттілігін арттыру – айрықша назарда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев пен Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Роговты қабылдады.

Министр Елбасына отандық БАҚ-тың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру барысы және қазақстандық интернет-ресурстарының дамуы туралы баяндады. Сонымен қатар кездесуде елімізде сандық телевизияны енгізу мәселесі талқыланды. Аталған үрдістің бірінші кезеңін жүзеге асыруға биылғы жылдың соңына дейін кірісу жоспарланғаны белгілі болды.

«Президент министрліктің басшылығына отандық ақпараттық кеңістіктің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мәселесіне ерекше бақылау жасауды тапсырды», - деді журналистерге арналған брифингте А. Жұмағалиев.

Бұдан кейін Елбасының қабылдауында Конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Рогов болды. Ол Мемлекет басшысына еліміздің Ата заңының қабылданғанына 15 жыл толуын мерекелеуге әзірлік барысы туралы мәлім етті. Атап айтқанда, биылғы 30 тамызда негізгі мерекелік салтанатты іс-шара, «Конституция еліміздің демократиялық дамуының негізі ретінде» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

749 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз