- Qazaq gazetteri TV
- 20 Сәуір, 2015
Түркіменстандағы оқушы қыздар түсірген клип биліктің ашу-ызасын туғызды (ВИДЕО)
Ғаламторда Түркіменстандағы мектептердің біріндегі оқушы қыздар түсірген клип тарап, бұл жағдай жергілікті биліктің ашу-ызасын туғызып отыр. Қазір прокуратура өкілдері жаппай тексеріс жүргізіп жатыр деп хабарлайды ca-news.org, newstop.kz порталдарына сілтеме жасаған Businessnews.kz.
Видеода көрсетілгендей, түркімен мектептерінің бірінде оқитын бір топ оқушы қыздар тақтаның алдына шығып, ән салып жатқан адамдарға ұқсап клип түсірген. Ұлттық киім мен ұлттық тақия киген олар сырттай қосылған шетелдік музыканың ырғағымен әртүрлі қимыл-қозғалыстар жасайды. Ортада тұрған оқушы қыз еден жуатын швабрды микрофон ретінде пайдаланып әнге ілесіп тұр. Оның екі жағындағы екі қыз қолдарына сыпырғыш ұстап, гитарашылардың образына кіргені байқалады. Екінші қатарда жүрген қыздардың бірі қолындағы белгісіз затты скрипка ретінде ұстап алып, оған Түркіменстанның жалаушасын ысқы (смычок) ретінде пайдаланады. Қалған екі қыздың қолында сырттай сырнай мен барабанға ұқсас дүниелер аңғарылады.
Ғаламтордағы клиптің дақпырты жергілікті шенеуніктердің құлағына бірден жетіпті. Лебап уәлаятындағы прокуратура өкілдері аймақтағы мектеп оқушыларының қалта телефондарын біртіндеп тексеріп шыққан. Олардың айтуынша кейбір оқушылардың қалта телефондарынан эротикалық мазмұндағы файлдар табылған. Бірқатар оқушылардың қалта телефондарын тартып алуға тура келген.
Клип түсірілген мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісіне сөгіс жарияланса, оқушылардың ата-аналарына ескерту жасалған. Ал мұғалімдер оқушылардан мектепке қалта телефондарын әкелмеуді талап етуде.
https://www.youtube.com/watch?v=KUm5tRdHNjE
businessnews.kz
37683 рет
көрсетілді0
пікір