- Qazaq gazetteri TV
- 29 Сәуір, 2015
Батырхан Шүкеновтың соңғы әні
Кеше танымал қазақстандық әнші Батырхан Шүкенов Мәскеуде 52 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, А'Студио тобының бірінші солисі жүрек талмасынан қайтыс болған.
Әлеуметтік желілерде Шүкеновтың өліміне байланысты Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, ресейлік әншілер Алсу, Полина Гагарина, және тағы да басқа өнерпаздар көңіл айтты.
Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. Мансап жолын ол белгілі әнші Роза Рымбаеваның саксофоншысы ретінде бастаған. 1988 жылы өзі құрған А'Студио тобының фронтменті болады, ал бір жылдан кейін "Джулия" деп аталатын хит әні шығады. Танымалдылық бұл топқа Алла Пугачевамен бірге "Рождественские встречи" байқауына қатысқаннан кейін келеді. Батырхан Шүкенов А'Студио тобынан 2000 жылы кетіп, жеке өнер көрсете бастайды. Төменде біз оқырманға "Маған көктем көмектеседі" әнің ұсынып отырмыз. Бұл ән Батырхан Шүкеновтың орындауындағы соңғы ән болып тарихта қалатын болды.
https://www.youtube.com/watch?v=FKfg8ZTjK14&feature=youtu.be
38897 рет
көрсетілді0
пікір