Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Маусым, 2015

Оңтүстікте қазақ хандығының 550 жылдығына орай деректі фильм түсіріліп жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысында қазақ хандығының 550 жылдығына орай деректі фильм түсіру қолға алынды. Бұл туралы бүгін «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Берік Құрманғали мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі. eabfb816715e8689d6848104088814f5 «Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер және дін істері басқармасы биылғы жылғы мерекелік даталардың барлығын қамтып отыр. Мәселен, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Майдангерлер» атты қысқаметражды фильмнің тұсауы кесілді. Бүгін халықаралық балалар күніне орай «Біз соққан достық үйі» атты анимациялық мультфильмнің тұсауын кесіп отырмыз. Алда қазақ хандығының 550 жылдығы келе жатыр. Оған да арнайы көпсериалды деректі, құнды фильмдер түсіруді жоспарлап отырмыз», - дейді басқарма басшысы. Берік Құрманғалидың айтуынша, қазақ хандығының 550 жылдығына орай түсірілетін көпсериалды деректі фильмді түсіру жұмыстары басталып кеткен. Bnews.kz 
Дилара РЫСДӘУЛЕТ

519 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз