Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Маусым, 2015

Экологиялық проблемалардың салдарынан Алматыда қысқы Олимпиада өтпеуі мүмкін

Экологиялық сын-қатерлер мен қаржылық проблемалар – Алматыға қысқы 2022-Олимпиаданың астанасы атана алуға кедергі болатын негізгі қиындықтар, деп есептейді Халықаралық олимпия комитеті.

034 «Алматыда ауа ластанған, әсіресе қыс айларында, және де атмосфера ластануының қазіргі деңгейі Олимпиада ойындарының спортшылары мен қатысушыларына ықпал етуі мүмкін. (…) Алматының ұсынған ойындарды өткізу аймағының орналасуына Іле Алатауы ұлттық саябағы кіреді, оны Дүниежүзілік мұраның бір бөлігі ретінде мойындалуын Қазақстан үкіметі соңына дейін ақтап шығуға ниетті», – делінген дүйсенбі жарияланған ХОК бағалау комиссиясының есебінде. Осы ретте ұлттық саябақтың бір бөлшегі Алматау және Ақбұлақ тау шаңғысы курорттары болып табылады, ал тиісінше, онда олимпия аймағының орналасуы экологияны сақтаудың одан әрі мұқият шараларын қажет етеді. Одан өзге, олимпия спорттық кешендерін белсендірек пайдалану сонымен қатар таулы аудандардың экологиясына да кері әсерін тигізуі ықтимал. Бұдан басқа, ХОК есебінде Алматының қаржылық қиындықтарға да тап болуы мүмкін екендігі атап көрсетілген. «Мұнай бағасының төмендігі мен валюта бағамының мәселелерін қосқандағы, экономикалық қиыншылықтар Ойындарға деген әзірліктен және үкіметтің қаржылай және өзге де қолдау көрсету қабілетінен келеңсіз көрініс табуы мүмкін», – делінген құжатта. Мұнымен қатар ХОК күдігін спорт жарыстарына деген билеттің болжалды бағалары, олимпиаданың аяқталғанынан кейінші қонақүй кешендерін пайдалану мүмкіндігі, сондай-ақ олимпия нысандары мен инфрақұрылым құрылысына арналған қажетті жерлерді сатып алумен байланысты ауыртпалықтар шақырғаны атап өтілген. Қысқы 2022-Олимпиада астанасы 31 шілде күні Куала-Лумпурда ХОК 128-сессиясында белгілі болады. Ойындарды өткізуге екі қала үміткер – Алматы және Бейжің.
Дереккөз:NUR.KZ

693 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз