Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Маусым, 2015

Ауыл шаруашылығы министрі: Киіктер бостан босқа қырылып жатыр

Ақтөбе облысында тағы да киік қырылып жатыр. Бүгінге дейін табылған түз жануарларының өлекселері 6 жарым мыңнан асты деп хабарлайды .

Сайгаки Әйтеке би ауданына қарасты Жабасақ ауылы маңында үш күннен бері мың жарым бас өлген киік жиналды. Ырғызда да соңғы екі күнде қырылған жануарлардың саны екі мыңдай. Қазір мамандар сол өңірлердің экологиялық ахуалын тексеріп, сынама алып жатыр. Олар солтүстік-батыстан ығысқан киіктер Ырғызға жеткенше зорығып өлген деп топшылайды. Ал бұған дейін Ырғыз-Торғай резерватында киіктердің улы шөптен қырылғаны айтылған. Себебі, ылғал көп кезде шөптерден улы токсиндер бөлінеді екен. Жалпы, елде өлген ақбөкендердің саны қазір 120 мыңнан асты. Ауыл шаруашылығы министрлігі қырғынның нақты себебін анықтау үшін жұт келген үш облысқа экспедиция жібермекші. “Бостан босқа қырылып жатыр. Өткен жылы қырылды. Арғы жылы қырылды, тағы қырылады деп отыра беруге болмайды. Мамандар жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде ғылыми және біздің шақыртуымызбен келген сарапшылар бар”, – дейді Асылжан Мамытбеков.
Дереккөз: КТК арнасы

614 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз