Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Желтоқсан, 2016

Астана әкімдігі Тәуелсіздік тарихын мультимедиялық форматта көрсетеді

Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Астана – Тәуелсіздік тұғыры» (Astana25.kz) веб-деректі жобасының тұсаукесері өтеді. Шара барысында болашақ ұстаздарға жобаны әзірлеу ерекшеліктері мен педагогикалық қызметте мультимедиялық форматты пайдалану мүмкіндігі туралы айтылмақ, деп хабарлайды BNews.kz тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz

Астана әкімдігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жасаған веб-деректі жобада егеменді ел болу жолындағы айтулы оқиғаларды мәтіндік жарияланым, не видео фильм түрінде емес мультимедиялық тарихи форматта беруді жөн көрген.

«Веб-деректі форматты Егемендікке жету жолындағы Қазақстан мен жаңа астанамыз тарихын үлкен аудиторияға жеткізудің тиімді тәсілі ретінде таңдап алдық. Тәуелсіздіктің 25 жылында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен елді дамытуға қатысты қыруар істер атқарылды. Бүгінде Қазақстандықтар бұл жайлы әлемге жар салып, мақтанышпен айта алады. Астана әкімі Әсет Исекешовтың мультимедиялық жобаны жасау идеясын қолдағанына қуаныштымын», – Астана әкімдігі Ішкі саясат басқармасының бастығы Ерлан Қаналимов.

Веб-деректі жоба 1991 жылдан бастап, 2016 жылға дейінгі ширек ғасырда еліміз басынан өткерген айтулы оқиғаларды ұсынған архивтік фотолар мен видеокадрлардан тұрады. Мультимедиялық лонгрид форматы оқырмандарға егемендік жолындағы жас мемлекеттің алғашқы қадамынан бастап астананың миллионыншы тұрғынының дүние есігін ашу сәтіне дейін тұңғиық әлеміне бас ұрып елітіп ала кетеді.

Ең бастысы – жоба Қазақстан тарихына қызығушылық танытқан оқырманға таптырмас дерек көзі бола алады. Осы мақсатпен қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде дайындалған.

Astana25.kz веб-деректі жобасының сайты барлық оқырмандар үшін ашық.

Мекенжайы: Л.Н. Гумилев атындағы №5 студенттер үйінің кинозалы Жұмабаев көшесі 14/1, 2-қабат.


   

454 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз