Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Желтоқсан, 2016

Қашағанның арқасында елімізде кеме құрылысы дамуда - Назарбаев

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мұнай саласының өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесуге инвесторлар, отандық және шетел мұнай-газ компанияларының басшылары, мемлекеттік органдар өкілдері, мұнай-газ саласының ардагерлері қатысты. Мемлекет басшысы мұнай-газ индустриясының ел экономикасын дамытуда және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуда ерекше маңызы барын атап өтті.  «Қашаған кен орнының ашылуы әлемдік энергетика саласындағы соңғы 50 жылдағы ең ерекше оқиға болды. Оның қоры 4,5-тен 5,5 млрд тоннаға дейін мұнай және 3 трлн текше метр газға бағалануда. Қашаған қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруда ірі жобалардың бірі болып табылады. Баршаңызды кен орнының іске қосылуымен құттықтаймын», - деп атап өтті Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік-Каспий жобасы тиімді халықаралық ынтымақтастыққа және ашық әріптестікке   мысал болатынын атап өтті. ҚазАқпарат агенттігі

525 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз