Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Сәуір, 2017

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ВВС-мен меморандум жасасты

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның біріккен корольдігіне жұмыс сапары барысында ВВС Worldwide басшылары Шон О Хара және Сергей Становкинмен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz  тілшісіне сілтеме  жасаған Kazgazeta.kz.

 Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың болашағы мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін талқылады.

Кездесу нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен ВВС Worldwide корпорациясы арасындағы меморандумға қол қойылды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, меморандум аясында редакциялық жоспарларды алмасуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру, дөңгелек үстелдер өткізу, ұлттық және аймақтық БАҚ үшін лекциялар ұйымдастыру, сонымен қатар Қазақстанның туристік және инвестициялық әлеуетін ілгерілету жоспарланған.

Сонымен қатар, меморандумда негізгі бағыты цифрлық эфирлік хабар таратуға көшу аясында қазақстандық телеарналардың техникалық дамуы бойынша бірлескен кеңес беруді жүргізу, ақпарат пен тәжірибе алмасу болып табылатын жұмыс тобын құру қарастырылады.

747 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз