Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • TENGE MONITOR
  • 06 Сәуір, 2017

«ҚАРА АЛТЫН» халық игілігіне қызмет етуі тиіс

Еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өткен мерейлі мерекелі жыл Маңғыстау мұнайының тарихына да айтулы оқиғалармен айшықталған жыл болып енді. Былтыр қазыналы өлкеде Жетібай кен орнындағы №6 ұңғыдан алғашқы мұнай бұрқағының атқылағанына 55 жыл, мұнай кәсіпшілігінің ашылғанына 50 жыл толған болатын. «Елу жылда – ел жаңа» деген, кеніштің дамуындағы жартығасырлық бұл кезең өткенді саралап, болашақты бағдарлаудың белесі болды. Осы орайда біз компанияның Бас директоры

Еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өткен мерейлі мерекелі жыл Маңғыстау мұнайының тарихына да айтулы оқиғалармен айшықталған жыл болып енді. Былтыр қазыналы өлкеде Жетібай кен орнындағы №6 ұңғыдан алғашқы мұнай бұрқағының атқылағанына 55 жыл, мұнай кәсіпшілігінің ашылғанына 50 жыл толған болатын. «Елу жылда – ел жаңа» деген, кеніштің дамуындағы жартығасырлық бұл кезең өткенді саралап, болашақты бағдарлаудың белесі болды. Осы орайда біз компанияның Бас директоры Бақыт ИМАНБАЕВ және бас директордың бірінші орынбасары Пэй ЦЗЯНЬШЭН мырзалармен кәсіпорынның даму барысы, еліміздің экономикалық қуатын арттыру жолындағы міндеттері мен еңбек ұжымындағы әлеуметтік ахуал жайында әңгімелескен едік.

– Күн мен түн теңеліп, зеңгір көктен құйылған күн сәулесімен Жер-ана төсіндегі бар тіршілік жаңарып, өзгеше бір күйге енетін ұлыстың ұлы күні – Наурызға жетіп, жаңа жылдың алғашқы еңбек тоқсанын да игеріп тастадық. Кешегісіз – болашақ жоқ, кеніштің жартығасырлық даму жолына көз жүгіртіп өтсек... – Тарихи тұрғыдан алғанда өткен жылғы Маңғыстау мұнайының 55 жылдығы, «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының 50 жылдығы, ең бастысы, бұл атаулы даталардың Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келуі жауапкершілігімізді көтеріп, күшімізге күш, жігерімізге жігер қосты десек, артық айтқандық болмас.

Тағылым үшін өткен мерейлі мерекелер ұрпақ сабақтастығын жалғастыруға, тарихты таразылай отырып, үлкенге кішінің құрметін жария еткен келелі жиын болғандығын атап өткен жөн. Жетібай кен орнының тарихы – бай тарих. Мұнай өндірісінің білікті кадрларын, мықты ұйымдастырушылық мектебін қалыптастырған орта. Қарапайым мұнайшыдан Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің премьер-министрі лауазымына де­йін көтерілген Нұрлан Өтепұлы Балғынбаевтың өмірбаяны сөзімнің дәлелі. Сондықтан да 55 жыл бойы ел экономикасын дамытуға үлес қосқан жетібайлық мұнайшылардың еңбек дәстүрін, атақты мұнайшылардың ерлікке толы еңбек жолын насихаттау мақсатында былтыр мұражайдың ашылуы компания өміріндегі маңызды оқиға болды деп атап айтқым келеді. Мұнда сонау 1966 жылдан бастап жанқиярлықпен еңбек еткен, қасиетті өлкеде жаңа қалалар мен елді мекендер, іргелі кәсіпорындар бой көтеруіне бар ғұмырын арнаған, Қазақстанның Тәуелсіздігіне үлес қосқан аға ұрпақтың ерлікке бергісіз еңбегі, өмір жолы сайрап жатыр. Мұражай өңірдегі мұнай саласының дамуынан, өткен тарихынан, мұнайшылардың еңбек жолынан мағлұмат береді. Жастарымыз осы мұражай арқылы өткен тарихымызды, ел қуатын еселеу жолында еңбек еткен майталман мұнайшыларды танып-біліп, тағылым-тәлім алатыны сөзсіз. Өткен жылғы тағы бір жағымды жаңалық – Ұлттық бизнес рейтингтері одағының ресми статистика мәліметтері негізінде жасалған сараптау нәтижелеріне сәйкес «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Жыл ішіндегі табыс (шығын)» аталымында Қазақстан бойынша жеңімпаз атанып, қаржы-экономикалық қызметінің көрсеткіштері болып табылатын «активтер мен капитал көрсеткіштері», «табыс көрсеткіштері», «өтемпаздық көрсеткіш­те­рі» секілді үш бірдей аталым бойынша облыстағы кәсіпорындар арасында бірінші орын алды. Бұл мұнай-газ өндіру саласындағы ең жоғары көрсет­кіштердің бірі болғандықтан, «Маңғыс­тау­мұнайгаз» акционерлік қоғамына «Сала көшбас­шысы – 2016» алтын медалі, «Сала көшбас­шысы» ресми ұлттық VIP сертификаты мен «Экономика мақтанышы» ордені табыс етілді. Сондай-ақ жуырда Ұлттық бизнес рейтингтің сыртқы экономикалық қызмет көрсеткіші бойынша Қазақстан Республикасы экпорттаушылары арасында «Экспорт-импорт суммарлық көлемі», «Операциялар көлемі», «Іскерлік белсенділік» өлшемдері бойынша алтын, «География» аталымында күміс медальді иеленгені туралы жақсы жаңалық жетті. – Бұл жетістіктер – басқару тетіктерін стратегия­лық тұрғыда тиімді орайластыру мен команданың ынтымақты қызметінің жемісі, әрине. Облыс эко­номикасына сүбелі үлес қосып келе жатқан «Маң­ғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының қазіргі таңдағы хал-жағдайы қандай? Соңғы жылдары әлем нарығында «қара алтын» бағасының төмендеуі салдарынан қалыптасқан күрделі кезе­ңде компанияның дамуын қалыпты деңгейде ұстау оңайға түспеген шығар... – Абыз аға Әбіш Кекілбаевтың өтпелі кезең, күрт бетбұрыстар тұсында «байыбын тауып іс қылып, бағытын тауып алға басқан жөн... жүрек пен бас, қол мен ақыл қатар қиналып, қатар қимылдайтын кезең келді. Сонда ғана еңбегіміз еш, қарекетіміз кеш болмайтын шығар» деген сөзі бар еді. Мұнай бағасының төмендеуі салдарынан біраз бағдарламаларға арналған шығындарды шектеуге, үнемдеу саясатын қатаң ұстануға тура келді. Дегенмен, мұнай өндіру қарқынын төмендеткен жоқпыз. 2016 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 6 млн 285 мың тонна мұнай өндіруді жоспарлаған болатын. Біз бұл межені артығымен орындадық. Жоспардан тыс 4 902 тонна мұнай өндіріп, мемлекетке 6 289 902 тонна мұнай тапсырдық. Мұндай көрсеткішке компания ұжымы жоғары кәсібилігі мен берік ынтымақ-бірлігінің арқасында қол жеткізді. Жоспарлау мен геологиялық-техникалық шараларды дұрыс және сауатты жүргізу жетістікке жетудің негізгі факторлары болды. Атап айтсақ, жаңа ұңғыларды бұрғылау нәтижесінде 320 759 тонна мұнай игерілді. Сонымен қатар мұнай ұңғыларында жер қойнауының қабатын сумен ажырату, жоғары жатқан жер қабаттарына қайта оралу, Қаламқас кен орнындағы ұңғыларда полимерлі су тоғыту сияқты шаралар қолданылды. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ – мұнай өндіру көле­мін жыл сайын ұлғайтып отырған компания. Үсті­міздегі жылы да осы үрдістен таймауды көздеп отырмыз. Биылғы жоспарымыз бойынша 6 млн 350 мың тонна мұнай өндіруіміз керек. Бұл – 2016 жылға қарағанда 60 098 тоннаға артық меже. – Компанияның әлеуметтік саясаты, атап айт­қанда әлеуметтік әріптестік аясында атқарылып жатқан істерге тоқталып өтсеңіздер. – «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы – Маңғыстау өңірінің инфрақұрылымын дамытуға бағытталған көптеген ірі бағдарламаларды іске асырып отырған компания. 2010-2015 жылдары компанияның әлеуметтік бағытта жұмсаған инвестиция көлемі 8 млрд 245 млн теңге болды. Маңғыстау тұрғындарын әлеуметтік қолдау және осы бағытта жергілікті атқару органдарымен келісімді қарым-қатынаста жұмыс жасау – компанияның әлеуметтік саясатының басым бағыты. 2016 жылы акционерлік қоғам осы өңірде ғана емес, республикамыз бойынша әртүрлі мекемелерге демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуге, мемлекеттік әлеуметтік бағдарлама­ларды іске асыруға, қоғамдық шаралар өткізуге 4 223 364 480 теңге қаржы бөлді. Облыстағы ең ірі салық төлеуші кәсіпорындардың бірі ретінде өткен жылы жергілікті және республикалық бюджетке 128 657 216 мың теңге көлемінде салық пен басқа да төлемдер түсірді. Бұған қоса «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ үкімет­тің отандық тауар өндірушілерді қолдауға және қазақ­стандық тауарлар, жұмыстар мен қызмет­терді қамтуды дамытуға бағытталған шешім­дерін де мүлтіксіз орындауда. Компания тарапынан жергілікті фермерлерге үлкен қолдау көр­се­тіліп келеді. 2015 жылы олармен үшжылдық мемо­рандумға қол қойылды. Оған сәйкес жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушілерінен 2015 жылы 547 млн, ал 2016 жылы 490 млн теңгенің өнімі сатып алынды. Осылайша ет және сүт өнімдерін мұнайшылар бүгінде кепілді өткізу нарығы бар маңғыстаулық фермерлерден сатып алып отыр. – Ал жер қойнауының байлығын ел игілігіне айналдырып отырған мұнайшы қауымының әлеу­меттік мұқтаждықтары қалай шешіліп отыр? Кә­сіпорынның еңбек ұжымында әлеуметтік тұрақ­тылықты сақтау бағытында қандай шаралар ат­қа­рылуда? – Өндірілген әрбір тонна көмірсутегінің артында мұнайшылардың бірнеше ұрпағының жанқияр­лық еңбегі, олардың жұдырықтай жұмыл­ған бірлігі мен кәсіби шеберлігі тұр. Бүгінгі «Маң­ғыстаумұнайгаз» – бұл 6000-ға жуық жоғары білікті маман, ынтымағы жарасқан тату ұжым, өз ісінің нағыз шеберлерінен құралған команда. Компания өз қызметкерлері және олардың отбасылары алдында жоғары әлеуметтік жауапкершілік саясатын ұстанады. Өйткені, қалай болғанда да «қара алтын» қарапайым халықтың игілігіне қызмет етуі тиіс. Әр тамшы мұнайдың артында оны өндірген азаматтардың ерен еңбегі мен осы жердің иесі – халқымыздың мүддесі жатқанын біз еш уақытта естен шығармауымыз керек. 2013 жылдың 7 қарашасында «Маңғыстау­мұ­найгаз» акционерлік қоғамында жұмыс беруші мен еңбек ұжымы арасында 2013-2016 жылдарға арналған ұжымдық шартқа қол қойылды. Алайда, әлемдік нарықтағы дағдарысқа және мұнай бағасының төмендеуіне байланысты 2015 жылғы 19 қаңтарда өткен шарт жасақтау комиссиясы мүшелерінің отырысында Ұжымдық шартқа өзгер­тулер енгізіліп, шарттың кейбір тармақтарын алып тастауға мәжбүр болдық. Биыл жаңа Ұжымдық шарт жан-жақты тал­қылаудан өтті. Нәтижесінде алынып тасталған тармақтар қайтадан енгізіліп, тіпті кейбір тар­мақтар бойынша төлемдердің көлемі екі есеге дейін ұлғайтылды. 2016 жылдың желтоқсан айында 2017-2019 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шартқа қол қойылды. 2016 жылы Ұжымдық шарттың шығыны 600 264 мың теңге болды. Жаңа шарт бойынша, кәсіпорын мұнайшылардың әл-ауқатын көтеру бағытындағы әртүрлі мәселелерді шешуге жұмсалатын шығындарды жылдан-жылға көбейтуді көздеп отыр. Енді жаңа Ұжымдық шартқа сәйкес жыл сайын 383,8 миллион теңге көлемінде қосымша қаржы жұмсалып отырылатын болды. Мұның бәрі – мұнайшылардың лайықты өмір сүруі мақсатында жасалып жатқан шаралар, акционерлік қоғам басшылығының қарапайым қызметкерлердің хал-ахуалын жақсарту бағытында атқаруы тиіс абыройлы міндеті. Компания қызметкерлерінің ынтымағы мен бірлігі – еңбек ұжымының әлеуметтік тұрақтылы­ғы­ның кепілі. Кәсіпорында 2015 жылдан бастап басшылық пен еңбек ұжымы арасында «кері байланыс» жүйесін дамытуға, жұмыс берушілер мен қызметкерлер және кәсіподақтар арасында сындарлы диалог орнатуға бағытталған ішкі коммуникация құралдары енгізілді. Атап айтқанда, компания басқармасы әр жарты жыл сайын жүйелі түрде кәсіпорынның еңбек ұжымымен есептік кездесулерін өткізіп отырады. Желілік басшылар еңбек ұжымдарымен әр тоқсан сайын кездеседі. Бұл кездесулерде еңбек ұжымы компания тіршілігі туралы ақпаратты тікелей басшылардан алады, қызметкерлер өз мұң-мұқтаждарын, арыз-өтініштерін, ұсыныс-пікірлерін сол жерде айтып, басшылардан өздерін толғандырған мәселелер жөнінде бірден жауаптарын алып отырады. Әрбір кездесудің хаттамасы жасалып, қызметкерлердің өтініштері бірінші басшының бақылауында болады. Компания басшылары тоқсан сайын қызметкерлерді жеке өтініштері бойынша қабылдайды. Корпоративтік сайтымызда ашылған бірінші басшының блогы арқылы да мұнайшылардың өз өтініштерін айтып, сұрақтарын қоюына жағдай жасалған. Сонымен қатар Қаламқас, Жетібай кен орындарында, өндірістік қызмет көрсету орталығы мен материалдық-техникалық жабдықтау қызметі базаларында, көлік департаментінің автопаркінде және орталық офисте қызметкерлердің шағымдары мен ұсыныстарын жинауға арналған жалпы саны жиырма алты жәшік орнатылды. Бұл өтініштер де жіті бақылауда. Мұнайшылар әрбір сұрағына нақты жауап алады. Осылайша компанияда басшылық пен еңбек ұжымының арасында тікелей байланыс орнатуға қол жеткізілді. Сондай-ақ жыл сайын еңбек ұжымындағы әлеуметтік-психологиялық тұрақтылықтың деңге­йін сауалнама арқылы анықтау жұмыстары жүргізі­леді. Сауалнама нәтижелері мен қызмет­керлердің өтініштері компанияның «Әлеуметтік әл-ахуал мониторингі» электрондық бағдарламасына енгі­іліп отырылады. Мәселен, 2016 жылы 5665 сауалнама парақшасы енгізілді. Соның нәтижесінде қызметкерлердің 321 өтініші тіркеліп, бақылауға алынды. Осы бағдарлама арқылы қызметкерлердің өтініштері жіктеліп, оның орындалысы туралы басшылыққа ақпарат беріліп отырылады. – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тапсырмасына сәйкес «ҚазМұнайГаз» ұлт­тық компаниясында трансформациялау бойынша арнайы бағдарлама қабылданғаны белгілі. Осыған сәйкес «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында құры­лымды қайта ұйымдастыру бағытында қолға алынған шаралар қандай? – Үкіметтің талабына сәйкес трансформациялау барлық ұлттық компанияларда жүргізілуде. Бүгінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» және «Самұрық-Энерго» ҰК» акционерлік қоғамдарында бейінді емес активтерді нарыққа шығару жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда әрбір компанияның даму стратегиясы мен қызмет түрі анықталды, ал осы стратегиялық бағыттар мен қызмет түрлеріне сәйкес келмейтін активтер бейінді емес болып есептеледі. Яғни бейінді емес активтер дегеніміз – кәсіпорынның негізгі қызметіне байланысы жоқ активтер. «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамын­да өртке қарсы қызмет, медициналық-санитар­лық қызмет, қауіпсіздік қызметі сияқты бірнеше бейінді емес құрылымдарды шығару жұмыс­тары атқарылды. Компания құрылымынан шыға­ры­лып жатқан активтерде жұмыс жасайтын қызмет­керлердің барлығын жұмыспен қамту біздің басты міндетіміз деп есептейміз. Сондықтан аталмыш салалардағы барлық қызметкердің жұмыспен қамтылуына Қоғам кепілдік алды, онда жұмыссыз қалған бірде-бір қызметкер жоқ. Жыл басында компанияның медициналық-санитарлық қызметі нарыққа шығарылды. Медици­налық қызметкерлер толықтай ашық конкурста жеңіп шыққан компания – «Хирургия институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне өтті. Сондай-ақ Хирургия ғылыми-зерттеу институты медициналық қызмет көрсетудің сапасын көтеру, қызметкерлердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру, медициналық қызметтің инфрақұрылымын жаң­ғырту, замануи медициналық жабдықтармен жа­рақ­тандыру шараларына 3 жыл ішінде 1 млрд тең­геден астам инвестиция салу жөнінде міндеттеме алды. Ендігі жерде үшжақты келісімге сәйкес компания кәсіподақ комитеті мердігерлердің алған міндеттемелерінің орындалуын бақылап отырады. Келесі кезекте әкімшілік мәселелер департа­менті тұрғын үй пайдалану цехын ашық нарық алаңына шығару үшін конкурстық құжатта­ма­ның техникалық тапсырмасы жасақталуда. Мұнда мердігерге қойылатын барлық талаптар құжатқа енгізіледі және осы құжаттаманы жасақтау барысында жұмыс тобының құрамына цех өкілдерінің қатысуларына жағдай жасалады. – Компания болашағы – мұнайшылардың жас буынын тәрбиелеп, қалыптастыру бағытындағы жұ­мыстар туралы не айтар едіңіз? – «Бабалар айтқанындай, өлі риза болмай, тірі байымайтынын, ағаның назары жығылғаннан, інінің базары тарқамайтындығын, алдыңғының нысапсыздығы артқыны имансыз ететінін, үлкеннің жолын кескеннің көрінбей қаларын, кішінің жолын кескеннің көмілмей қаларын бір сәт те естен шығармайтын тұс – қазіргідей өтпелі кезең, қазіргідей өлара кезең... Кешегілердің еңбегін елемесек, бүгінгілердің көңіліне қарамасақ, ертеңгілерді қалай қарқ қыламыз?!». Бұл да – Әбіш аға Кекілбаевтың сөзі. Компанияның жастар саясаты туралы сауалыңа орай ойға келген әңгіме еді бұл. «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының үлкен ұжымының үштен бірін 35-ке дейінгі жастар құрайды. Толқынды толқын қуады. Зейнет жасына келген аға әріптестеріміздің ізін басып жатқан жастардың осал еместігіне күнде куә болып отырмыз. Айталық, кәсіпорында осыдан үш жыл бұрын Жас мамандар кеңесі құрылған болатын. Бүгінде 1500-ден астам жас мұнайшы – осы кеңестің мүшесі. Өндірістің өз ішкі тәртібі дейміз бе, қалыптас­қан заңдылығы дейміз бе, көбіне алдыңғы кезекте мұнайдың өндірілуі тұрып келгендігін жасырмаймыз. Осы бір қасаң қағидатты Жас мамандар кеңесі бұзғандай. Мұнай өндірісі оңай кәсіп емес. Бұған біздің Маңғыстаудың қатыгездеу табиғатын қосыңыз. Соған қарамастан, қысы-жазы еңбек майданын қыздырып жүрген мұнайшыларды жастар саясаты дендеп қолға алынғаннан бері жаңа қырынан таныдық. Мемлекетшіл, қоғамшыл, патриот жастар қаулап шыға келді. Президент сайлауы, Парламент сайлауы тұстарында, Маңғыстау мұнайының 55 жылдық, Жетібай кен орнының 50 жылдық шараларын ұйымдастыру барысында бұған куә болып, шын сүйсіндік. Қанша талантты жастар жүр ортамызда! Жас мамандар кеңесінің бізде ғана емес, жалпы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялары арасында, республикалық және облыстық деңгейлерде болып жатқан қоғамдық шараларға белсенді қатысып жүргені көңіл қуантады. Компанияның құрылымдық бөлімшелері арасында «Брейн-Ринг» интеллектуалдық ойындарын ұйымдастыру, ардагерлерге, мүжәлсіз отбасыларға, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық істердің, мемлекеттік және кәсіптік мерекелерге байланысты өткізілетін мәдени-көпшілік шаралардың басы-қасында бүгінде жастар жүр. Ардагер мұнайшылар мен қызметкерлердің балаларын да назардан тыс қалдырмай, оларға арналған көптеген қоғамдық шараларды өткізуді өздерінің міндетіне алған. Мұнайшылардың балаларын компанияның бұқаралық өмірінің бел ортасынан – көркемсурет байқаулары, тақырыптық шығармалар сайысынан, тіпті мұнайшылар күші­мен қойылып жатқан мерекелік концерттен де жиі кездестіреміз. Сондай-ақ «Қаламқас кештері» атты жоба да барлық дарынды мұнайшы жастарды маңына топтастырып, кәсібі мен өнерін қатар алып жүрген мұнайшылардың жұмыстан бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға мұрындық болып келеді. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қамқор­лық, олардың құрметіне концерт қойып, құттықтау­лар, бағалы сыйлықтар тарту ету, Жетібай ауылында­ғы №5 мектептің қыздар волейбол командасына, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің футбол командаларына керек-жарақтарын алып беріп, демеушілік көрсету, ауыл мешітінде Ораза айт дастарханын ұйымдастыру, осы сияқты көптеген іс-шаралар – «Маңғыстаумұнайгаз» ак­цио­нерлік қоғамында жастар саясатының дұрыс жолға қой­ыл­ғандығының көрінісі деп ойлаймын. Ең ма­ңыздысы, бұл компанияның ауызбіршілігіне, ынтымағына оң әсер етті. Арасы шалғай екі кәсіп­шіліктің жастарының ұйымшылдығы компа­ния­ның қоғамдық өміріне жан бітірді. 2016 жылдың қыркүйек айында жас мамандарымыз көркемөнерпаздар қатарында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасындағы спартакиаданың салтанатты жабылуында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, басшылық тарапынан алғысқа ие болды. Ал қазан айында Қостанай қаласында өткен жас кәсіп көшбасшыларының республикалық дебаттық турнирінде Жас мамандар кеңесі өкілдерінен құралған мемлекеттік және орыстілді екі команда жүлделі бірінші орынды иеленді. Компания жастары қараша айында Ақтөбе қаласында өткен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компа­ния­лар тобы жас мамандарының III слетіне қатысты. Сол жиында жас мамандардың күшімен ұй­ым­­дастырылған мәдени шараның тізгінін «Маң­ғыс­таумұнайгаз» АҚ жастары ұстағанын ерекше атап өткім келеді. Астана қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мерекелік шараларға, биылғы Наурыз мейрамына орай өткізілген ұлттық компанияның 15 жылдығын ұйымдастыруға да біздің жастарымыз белсене қатысты. Сондай-ақ маңғыстаумұнайгаздық жастар үстіміздегі жылдың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ардагер мұнайшы әйел-аналарға, әріптес қыз-келіншектерге арналған облыс көлеміндегі барлық мұнай компаниялары жастарының қатысуымен өткен «Анаға сәлем» атты ретроконцертке мұрын­дық болып, естен кетпес кетпес әсер сыйлады. Кеңес жұмысына белсене араласып жүрген жас мамандар есебінен компанияның кадрлық резерві қалыптасуда. Жалпы, әлеуметтік тұрақтылық рей­тингін анықтау бағытында жүргізілетін сауалнамада «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қарасты құрылымдарда өндірістік, инженерлік-тех­никалық және әкімшілік-басқару кадрларын өсірудің ашық болуы жөніндегі мәселе жиі көтеріледі. Осыған орай ұлттық компания шеші­мі­мен арнаулы іс-шараға сәйкес кадр резерві жасақталмақ. Биыл «Маңғыстау-мұнайгаз» АҚ оперативтік кадр резерві бойынша қанатқақты жобаға қатысады. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басқармасы жастар саясатының ұжымымыздағы әлеуметтік-психологиялық тұрақтылықты сақтаудағы рөлін жақсы сезінеді. Сол себепті компанияның Жас мамандар кеңесіне қажетті деңгейде көңіл бөліп, жас мұнайшылардың игі бастамаларына әрдайым қолдау көрсететін боламыз. – Әңгімелеріңізге рахмет! Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болуына тілектеспіз.

Рымтай САҒЫНБЕКОВА

және бас директордың бірінші орынбасары Пэй ЦЗЯНЬШЭН мырзалармен кәсіпорынның даму барысы, еліміздің экономикалық қуатын арттыру жолындағы міндеттері мен еңбек ұжымындағы әлеуметтік ахуал жайында әңгімелескен едік.

764 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз