Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Сәуір, 2017

Бақытжан Сағынтаев Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелері бойынша Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ҚР инвестициялар және даму министрлігінің Дүниежүзілік банк сарапшыларымен бірлесіп әзірлеген 2017 - 2022 жылдарға арналған инвестициялар тарту жөніндегі ҚР Ұлттық стратегия жобасы қаралды.

Анықтама:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында «Kazakh invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы құрылды. Компания Қазақстан Үкіметінің атынан трансұлттық компаниялар және ірі инвесторлармен бірыңғай келіссөз жүргізуші ретінде жұмыс атқарады. Компанияның басқарма төрағасы ретінде Мақсат Қабашов тағайындалды.

Ақпарат  көзі:primeminister.kz

 

564 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз