Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Сәуір, 2017

Елордада «Қоғамдық құқықтық тәртіп» бірегей жобасы іске қосылады

Астана қаласының прокуратурасы Ішкі істер департаментімен, сондай-ақ Назарбаев университетінің мамандарымен бірлесіп, қала әкімдігінің қолдауымен «Қоғамдық құқықтық тәртіп» жобасын ұсынды. Жобаның мақсаты - елорда тұрғындарының қорғалу деңгейін жоғарылату, деп хабарлайды BNews.kz тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz
Жобаның ерекшелігі оны іске асыруда біріншіден қоғамдық тәртіпті күзету бойынша ғылыми-тәжірибелік әдістер қолданылады. Полицияның күшін оңтайландырудың үш өлшемді (қала картасының 3D үлгісі) үлгісін құру үшін 2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін елордадағы құқық бұзушылықтардың көрсеткіштері пайдаланылды. Қала картасына патрульдік полиция қызметтерінің барлық бағдарлары және қылмыс жиі жасалатын орындар енгізілді. Желілік емес оңтайландыру тәсілін және рекреациялық талдауды қолдана отырып, кез келген бағдарларға қолданылатын жағдайлар жасалды. Яғни, барлық статистикалық мәліметтерді салғаннан кейін талдауды қажет етпей, патрульдердің оңтайлы орналасуы белгіленеді. Сонымен қатар, жүйе жасалатын қылмыстардың орны мен уақыты, патрульдердің жүрген жері, олардың аталған жерлерден арақашықтығы және көптеген басқа да факторлар туралы статистикалық мәліметтерді ескереді. Картаның арқасында көрінбейтін аймақтарды немесе бір-бірімен қиылысатын немесе бірін-бірі қайталайтын бағдарларды анықтауға болады.
«Жобаның екінші міндеті патрульдік полиция қызметкерлерінің моральдық келбетін өзгерту және психологиялық даярлығын арттыру болып табылады. Осы міндетті шешу үшін жобаның қатысушылары полицейлердің кәсіби мәдениетін және психологиялық тұрақтылығын арттыру бойынша оқу бағдарламалырн және әдістемелік құралдар әзірледі. Бағдарламаға полиция қызметкерлеріне психология, филология, риторика мен лингвистиканы оқыту кіреді. Жобаны әзірлеу кезінде шетелдік әріптестердің оң тәжірибесі пайдаланылды», - дейді жоба авторлары.
Жұмыс тобы енгізілген құралдарды орындау барысында полиция қызметкерлерінің әрекетіне шағыммен түскен телефон қоңыраулары динамикасына және қылмыс динамикасына талдау жүргізді. Жоба 2016 жылғы қазанда енгізілгенін атап өту қажет. Сонымен қатар, халықтың сенімін жоғарылату үшін Астана қаласының ІІД өткен жылдан бастап Жедел басқару орталығының «102» пультіне хабарласқан абоненттерге күн сайын қоңырау шалу тәжірибесін енгізді. Бұл полиция қызметкерлерінің жұмысын бағалауға және кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Кейін олар бойынша шаралар қабылданады. 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі мерзімде жүргізілген салыстырмалы талдау елорданың криминогенді аймақтарында қылмыс санының азайғанын және азаматтардың тарапынан полиция қызметкерлерінің әрекетіне шағымның азайғанын көрсетті. Осы жоба еліміздің аумағында және кеңес үкіметінен кейінгі кезеңде де жалғыз жоба болып табылады. Қылмысты төмендеу көрсеткіштері еліміздің барлық аумағында оны енгізуге және дамытуға мүмкіндік береді.

657 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз