Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Сәуір, 2017

Асқар Омаров «Қазақпарат» ХАА жаңа бас директоры болып тағайындалды

ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігіне жаңа басшыны таныстырды. Асқар Омаров «Қазақпарат» ХАА жаңа бас директоры болып тағайындалды,  деп хабарлайды BNews.kz  тілшісіне  сілтеме жасаған  Kazgazeta.kz.

Асқар Омаров 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. «Тұран» университетінде халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы бойынша білім алған. Әр жылдары  «Новости Недели» ЖШС-ның тілшісі, саясат бөлімінің меңгерушісі (2001-2004 жылдары), «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының шеф-редакторы, директордың орынбасары (2004-2006 жылдары), «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның бас менеджері қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ «Нұр Медиа» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары (2008-2010 жылдары), «Түркі академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының вице-президенті (2011-2013 жылдары),  «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның басқарушы директоры (04.2014-09.2014) лауазымдарында қызмет еткен.

Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін жетік біледі. Түркі әлемін зерттеуге арналған бірқатар фильмнің, көптеген ғылыми-танымдық жарияланымның авторы, «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері. Түркітілдес мемлекеттердің алғыс хаттарымен марапатталған.

1230 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз