Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Сәуір, 2017

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеуді сәтті бастады

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеуді сәтті бастады. Отандастарымыз Алматыда өтіп жатқан іріктеу ойындарында Македония құрамасын ұтты.

 Бразилиялық маман Жозе Алесио жаттықтыратын Қазақстан құрамасы қарсыластар қақпасына жауапсыз үш гол соқты. 12 минутта Лео гол соқса, бірінші кезең аяқталар тұста нәтижелі пас берді. Оның пасын Серік Жаманқұлов голға айналдыра білді. 33 минутта Альберт Акбаликов Македония құрамасының қақпасына үшінші рет допты тоғытты.

Бүгін Қазақстан құрамасы Даниямен ойнайды. Олар кеше өткізген бірінші ойында чехтарға 4:5 есебімен ұтылған болатын.

Baq.kz

669 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз