Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Сәуір, 2017

Лаңкестік әрекеттерден кейін Египетте 3 айға төтенше жағдай енгізілді

Египетте кешегі лаңкестік әрекеттен кейін президент Абдель Фаттах ас-Сиси ел аумағында 3 айға төтенше жағдай енгізді.

Сонымен қатар, әскерилерге ел шекарасын бақылауды күшейту тапсырылған. Соңғы ақпаратқа қарағанда, екі теракт кезінде 44 адам қаза тауып, 126-сы жараланған.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші қастандық Танта қаласындағы «Мар Гиргис» ғибадатханасында болған еді. Куәгерлердің айтуынша, құлшылық үйіне кірген жанкешті өзін-өзі жарып жіберген. Осыдан кейін Александрия қаласындағы әулие Марк шіркеуінде тағы бір теракт жасалды. Мұнда да шабуылды жанкешті жасаған. Соңғы мәлімет бойынша, лаңкестік әрекеттерді «Ирак және Левант лаңкестік тобы» мойнына алған.

Камел Наср Гиргис, куәгер:

- Алдымен көз алдым жарқ ете қалды. Бір жерде тоқ тұйықталып, жарылыс болған шығар деп ойладым. Бірақ артынша жоғарыдан басыма сынықтар құлай бастады.

Хабар 24

508 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз